Алатау ауданында Үгіт-Насихат жүргізу бойынша жұмыстар жалғасуда.
Алатау ауданында Үгіт-Насихат жүргізу бойынша жұмыстар жалғасуда. Бүгін «BRB APK» ЖШС индустриялық аймағында сайлауалды штаб мүшесі, этнодизайнер, "Алтын Орда" авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы және директоры ТҰРСЫНЗАДА Ырза Тұрсынзадақызы, Республикалық сайлауалды штаб мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат АДАМБАЕВ Сырым Жуматайұлы, Республикалық сайлауалды штаб мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, "АЗМК" ЖШС Бас директоры ШАРДИНОВ Шухрад Ахметжанұлы және Республикалық сайлауалды штаб мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат АВЕРШИН Константин Викторович сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында кездесу өткізілді.


