Жаңа
Мұқыр ауылдық округіндегі кездесу
Кандидат ауыл тұрғындарына «Nur Otan» партиясы ауданды дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындағанын атап өтіп, оның басты мақсаты-халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын ұдайы жақсарту үшін жағдай жасайтының мәлімдеді.
Кездесуде ауылдың ақсақалы Отар Ізбасар экологиялық мәселе және Сағыз өзенінің жай-күйі туралы ауыз су тапшылғы туралы сөз қозғап ұсыныстар айтылса Мұқыр дәрігерлік амбулаториясының дәрігері Майжан Сүйеуова «Nur Otan» партиясының сайлауда жеңіске жетіп, халықтың аманатын орындауын және кандидатқа сәттілік тілегін білдірді.
Кездесуден кейін көп балалы ана Басамбаева Болғанайдың үйіне барып, партияның сайлауалды бағдарламасына тоқталып, ұсыныс пікірін тыңдады.
Мұқыр округіндегі іс сапары жаңадан салынған 424 орындық мектепті аралаудан аяқтады.
Атырау облысындағы "Nur Otan" партиясының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді
Сайлау-2021
Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында тұрғындармен, мекеме қызметкерлерімен кездейсоқ кездесу
Ел аумағында Парламент және барлық деңгейдегі мәслихат сайлауының үгіт-насихат кезеңі жалғасып жатыр
Ел аумағында Парламент және барлық деңгейдегі мәслихат сайлауының үгіт-насихат кезеңі жалғасып жатыр. Осы орайда бүгін бірқатар кездесулер өтті. Кезекті кездесу "канвассинг" бағытында өткізілді. Жалпы Әл-Фараби ауданында зейнет жасына шыққан азаматтарымыз көп болғандықтан, зейнеткерлермен кездесіп, "Nur Otan" партиясының республикалық және қалалық бағдарламасымен таныстырдым. Бағдарламамен танысқан зейнеткерлер көкейлерінде жүрген бірқатар мәселелерді көтерді. Алдымен, қазіргі жастардың жұмыссыздығы жайында сөз қозғады. Сондай-ақ, арнайы тегін берілетін дәрі-дәрмектің сапасыздығына және мүгедектік үшін жәрдемақы алмайтындығына шағымданды. Сонымен қатар, бірқатар коммуналдық мәселелерді де ортаға салды.
Ата-әжелеріміздің көтерген мәселелері партия назарына алынып, шешу жолында жұмыстар атқарылатынын жеткіздім.
"Nur Otan" партиясы – Қазақстан Республикасының қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия. Ол – еліміздегі жетекші саяси күш! "Nur Otan" партиясына дауыс беріңіз!
#Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
«Nur Otan» – нақты істер партиясы!
«Nur Otan» – жарқын жетістіктер партиясы!


"БІЛІМ және ҒЫЛЫМ" бастауыш партия ұйымының орынбасары С.А.Мәжінбеков "Текесу" тұрғындарымен кездесу
ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МАСЛИХАТЫ ДЕПУТТАТЫҒЫНА ҮМІТКЕР Д.П.ҚОЖАМЖАРОВАНЫҢ СЕНІМДІ ӨКІЛІ, "БІЛІМ және ҒЫЛЫМ" бастауыш партия ұйымының орынбасары С.А.Мәжінбеков "Текесу" тұрғын алабының тұрғындарымен кездесу өткізіп, халықпен кездесу барысында "Nur Otan" партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарында таныстырды. Кездесу барысында Шымкент қаласындағы партияның алдағы бес жылдық жұмыс жоспарын халыққа таныстырды.
Қаладағы үгіт – насихат жұмыстары партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы – негізінде жүзеге асады. Партияның XX съезінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, «Партия қоғамнан келіп түскен барлық ұсыныстарды ескерді. Осы орайда, біздің бағдарламаны бүкіл ел дайындады деп айтуға болады!»


Аягөз аудандық мәслихатына үміткер Б.Абен қаланың тұрғындарымен жүздесті
«Nur Otan» партиясының атынан Аягөз аудандық мәслихатына үміткер Б.Абен бүгін «Есіктен есікке» акциясы аясында қаланың тұрғындарымен жүздесіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырдым. Кездесу барысында партияның алға қойған мақсаттарымен және болашақтағы жоспарларларымен бөлісіп, біздің партияны қолдауға шақырды.


Парламент және барлық деңгейдегі маслихат сайлауының үгіт-насихат кезеңі өз жалғасын табуда.
Парламент және барлық деңгейдегі маслихат сайлауының үгіт-насихат кезеңі өз жалғасын табуда.
Осыған байланысты бүгін халықтың мұң-мұқтажын тыңдауға білек сыбана кіріскен Т.Ж.Султанова МЦ.Ай-Нұры, Су ресурстары маркетингінің ұжымдарымен еліміздің көшбасшы партиясы - "Nur Otan" партиясының сайлау алды бағдарламасын түсіндіру бойынша кездесу өтті.
Nur Otan – Қазақстанның қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия. Ол – еліміздегі жетекші саяси күш!
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
«Nur Otan» – нақты істер партиясы!
«Nur Otan» – жарқын жетістіктер партиясы!
Бізге дауыс бер!


Жол және жарық жоқ: Ленин кентінің тұрғыны партия мүшелерінен көмек сұрады
Жол және жарық жоқ: Ленин кентінің тұрғыны партия мүшелерінен көмек сұрады.
Руслан Бабашев екінші жыл Ленин кентінің шетінде – Қалқаман көшесінде тұрады. Оның үйіне апаратын жол мен белгілердің болмауына байланысты жедел жәрдем жүре алмайды, ал балаларға мектепке жету қиын.
- Бізде жол жоқ, көктем мен күзде – нағыз батпақ. Балшық, саз, - дейді Руслан. - Жақында жұбайым инсульт алды. Жедел жәрдем шақырдық, бірақ олар бізді таба алмады да, жүре алмады да. Өшіп қалады. Көше атауы мен үй нөмірлері бар тақтайшалар жоқ. Үйден аялдамаға дейін тұрғындардың өздері таптаған тар жол. Ал көктемде ол жерден өту тіптен мүмкін емес. Жарықтандыру тек бір жағында. Біз бәрін жасаймыз, ешқашан ештеңе сұрамадық. Бізге тек жол мен көрсеткіштер қажет. Ең болмағанда – ұсақтас, көліктер мен жедел жәрдем жүре алуы үшін.
Русланның айтуынша, Қалқаман көшесінде барак түріндегі үйлерде 30-ға жуық отбасы тұрады. Көптеген балалар мен қарттар. Жолдың болмауы өмірді қиындатады. Ал Ленин кентінде автобус мәселесі бар.
Руслан Бабашев халықпен кездесу өткізу үшін Ленин кентіне келген Павлодар қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттарға өз өтінішін білдірді.
Депутаттыққа кандидат, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қобыланбек Кожин бұл өтінішті естіп, Русланның телефонын жазып алды да, мәселені жеке бақылауға алуға уәде берді.
- Мұндай көшелер тек Ленин кентінде ғана емес, қалада да бар. Бір кездері олар ешқандай байланыс орнатылмаған учаскелерді бөліп алды. Су да, жылу да, кәріз де жоқ. Енді бұл проблемаға айналды. Бақытымызға орай, ол шешілді. Тек тәсіл кешенді болуы керек, - деді Қобыланбек Кожин.
Депутаттыққа кандидат мысал ретінде павлодарлық Авиақалашықты келтірді.
- Ескі бөлігі бар, жаңа үйлер, коттедждер бар. Онда 500-ге жуық адам тұрады. Көктемде біз олармен кездесу ұйымдастырып, әуежайға жиналдық. Бізге жол, кәріз және жарық жоқ деп айтылды. Әуежай оларға электр қуатын береді, бірақ бұлай етуге болмайды. Бұл стратегиялық нысан. Бірақ қазір оларға асфальт төселді, ал жарықтандыру мәселесі шешілуде - біз оларды әуежайдан босату үшін, ПРЭК-ке беру бойынша жұмыс атқарып жатырмыз. Осымен не айтқым келеді? Проблемалық мәселелер бар және болады. Мұндай кездесулерде сіздердің оларды айтқандарыңыз жақсы. Бұл өте маңызды, - деп атап өтті Қобыланбек Кожин.
20 желтоқсанда Ленин кентіне «NUR OTAN» партиясынан тағы үш үміткер келді. Депутаттыққа кандидат Болат Заут кездесуге қатысушыларға қаланың экономикалық дамуы туралы айтып, кезекте тұрғандар мен жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттік бағдарламаларды атап өтті. Ол қоныс аудару бағдарламалары туралы да айтты: этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуы және елдің оңтүстігінен солтүстігіне қоныс аударуы туралы.
Виктор Пряхин өз сөзінде қарт адамдарға қамқорлық жасау, зейнетақыларды арттыру, балаларға арналған тегін үйірмелер мен секциялар санын ұлғайту, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімді орта құру сияқты маңызды мәселелерді қозғады.
Тимур Жантеміров қаржы саласында 20 жылдан астам жұмыс істейді. Ленин кентінің тұрғындарына ол қатаң карантиндік шаралардың салдарынан зардап шеккен шағын бизнесті қолдау үшін қабылданған шаралар туралы айтты. Сонымен қатар, Тимур Жантеміров алдағы бес жылда өңірде ауыл шаруашылығын дамыту үшін не істелетініне егжей-тегжейлі тоқталды.
«Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаевтың іссапары туралы
Мұнайлы өңірге арнайы келген Арман Оразбайұлын алдымен үгіт-насихат жұмыстарының жүру барысымен және жоспарларымызбен таныстырдық.

Ұйымдастырылған басқосуларға өңірдің белсенді жастары мен өнер өкілдері және штаб қызметкерлері, сондай-ақ, партиялық бақылаушылар тобы қатысты. Түрлі тақырыптар ортаға тасталып, жан-жақты талқыланды. Бір айта кетерлігі, Партия хатшысы келген күні, Атырауға көптен күткен қар жауды. Жапалақтап тұрып... "Қонақ келсе құт келеді",- демекші... Жақсылыққа баладық. Арман Оразбайұлы, партияның облыстық сайлауалды штабының жұмысына оң баға беріп, сәттілік тіледі.
Бүгін, NurOtan партиясының Республикалық штаб мүшелері қаланы аралап халық пен кездесулерді өткізді.
Бүгін, NurOtan партиясының Республикалық штаб мүшелері Шымкент қаласын аралап халық пен кездесулерді өткізді. Сол іс-шараға ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Б.С.Оспановта қатысып, Сайрам, Текесу тұрғын алаптарының тұрғындарымен кездесті.
Партиямыздың сайлау алды бағдарламасын жеткізіп, алдағы жоспарларды айтып турғындардың ұсыныстарына жауап берді.

