Мазмұнға өту

Жаңа

Экспромт кездесулер жалғасуда

Кентау қаласына қарасты Иассы ауылдық округіне қарасты ауылдарда экспромт кездесулер өтті. Онда «Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған үміткерлер Асылбек Утебаев, Дархан Серікбаев, Ерлан Арынов, Азизбек Азимов, Мақпал Әбішова  үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Дүкендер мен сауда орындарында болып, сатушылар мен сауда жасаушыларға сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.

Айта кетейік, шағын және орта бизнесті дамыту – өңір экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады.

«Nur Otan» партиясы жыл сайын «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен 9 кәсіпкерге пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға және бизнесін жаңадан бастаушы 160 азаматқа грант ұсынуға, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен жыл сайын жұмыссыз және өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған 210-ге жуық азаматтарға 160 стартап грант пен 50 жоба бойынша несие алуына жағдай жасауға, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Бастау-Бизнес», «Бизнес кеңесші» курсымен жыл сайын 230-дан аса азаматтарды өз кәсібін ашуға оқытуға және бизнес жобасына сәйкес қаржыландыруды жүзеге асыруға,  «Оңтүстік» АИО ЖШС, «Ырыс» МҚҰ ЖШС, «АШҚҚҚ» АҚ-ның, Аграрлық несие корпорациясы мен шағын несие ұйымдары арқылы 190 жобаны несиелендіруге ықпал етеді.

Құрметті сайлаушылар!

Алдағы сайлауға белсенділікпен қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіз.

0
0
116

Ағымдағы жылдың 11 айында 621,4 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті ...

Ағымдағы жылдың 11 айында 621,4 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. Ол арқылы 413,7 мың адам жұмысқа орналастырылса, оның ішінде 269,2 мың адам тұрақты жұмысқа тұрды.
206,5 мың адам субсидияланатын жұмыс орындарымен қамтылды, оның ішінде 19,1 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 34,1 мың адам жастар практикасына, 153,3 мың адам қоғамдық жұмыстарға орналастырылды.
https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/137647...

***

За 11 месяцев т.г. участниками Государственной программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017-2021 годы «Еңбек» стали 621,4 тыс. человек. 413,7 тыс. человек были трудоустроены, из них 269,2 тыс. – на постоянную работу.
На субсидируемые рабочие места трудоустроено 206,5 тыс. человек, из них: на социальные рабочие места 19,1 тыс.; на молодежную практику – 34,1 тыс.; на общественные работы – 153,3 тыс.
https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/137647...

0
0
136

Сайлауалды бағдарламаны түсіндірді

«Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған үміткерлер Асылбек Утебаев, Дархан Серікбаев, Ерлан Арынов, Азизбек Азимов, Мақпал Әбішова Кентау қаласына қарасты Иассы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

ZOOM платформасы арқылы жүргізілген басқосуда үміткерлер сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.

«Nur Otan» партиясы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобаларын іске асыру жалғастырылады.

Нәтижесінде 2025 жылы қала тұрғындары таза ауыз суға, сапалы жолдарға, әлеметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді.

Құрметті сайлаушылар!

Алдағы сайлауға белсенділікпен қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіз.

0
0
139

Байылдыр ауылының тұрғындарымен кездесті

«Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған үміткерлер Қаблан Елеусізов, Нұрлан Байкенжеев, Гүлдариха Жұмагелдиева, Ұлбала Мұсаханова, Мақсұт Гайруллаев, Қайрат Зайнишев Байылдыр ауылының тұрғындарымен кездесті.

Ауылдық клубта өткен басқосуда сайлауалды бағдарламаны насихаттап, насихат жұмыстарын жүргізді.

Аудандағы кез келген адамның игілігіне қажетті, кем дегенде азық-түлік, киім-кешек, баспана, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету денсаулығын сақтап, оның және оның отбасының игілігі қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ерекше көңіл бөлінеді.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

- халықтың әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының еңбекке жарамды мүшелерін жаңа жұмыс орындарына орналастыруға;

- әрбір ауылдық округте материалдық көмек көрсету пункттерін ұйымдастыру арқылы қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетуге;

- демеушілер есебінен (тұрғын үй, азық-түлік пакеттері, қатты отын, нақты ақшалай көмек т.б.) әлеуметтік көмектер ұйымдастыруға;

- көпбалалы аналардың (4 және одан көпбалалы отбасы) қалаішілік автобустарда тегін жүруін қарастыруға;

- ауылдық округтердегі елді мекендерге қатынайтын, жолаушылар таситын автобустарды жаңарту мәселесін шешуге ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға дейін қала мен қалаға қарасты ауылдарда тұратын күнкөрісі төмен халықтың үлесі 28,2%-ға дейін төмендейді.

Құрметті сайлаушылар!

Алдағы сайлауға белсенділікпен қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіз.

0
0
273

Қазіргі таңдағы білім мәселесі жайында сауалнама.

Өз заманының ойшылынан сұрапты:- Сіздегі білімнің ширегіне дейін келмейтін пенделер көбейді, неге?-депті.Сонда ғұлама:-Мен тану үшін үйрендім. Ал олар танылу үшін....Әр адам өз мақсатына, адамгершілігіне қарай өмір сүреді.  Онсыз өмір бос әурешілік.Мақсатымыз, ел бағыты орындалсын. Оны тек жеке тұлғалар жасайды, көпшілік қуаттайды. Алға, отандастарым!

0
0
168

"Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасын іске асыру шеңберінде кездесу өтті

Бүгін  "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасын іске асыру  шеңберінде аудандық жұмыспен қамту орталығы басшысы Аэлита Абулхаирова  зуум бағдарламасы арқылы кездесу өткізді

0
0
156

"Су ресурстар маркетинг" ЖШС ұжымның коллективімен кездестім.

Үлкен қолдау білдіріп бір неше мәселе көтерілді - Ақ бұлақ мемлекеттік бағдарламасының іске асқаннан бастап, салаға қарасты салық жүйесін заңнамалық және білікті  мамандарымен қамтамасыз ету. Бір неше маңызды ұсыныс айтылды, оларды заңнамалық қамту керек.Кездесу соңында ұжым атынан біздің партияға жеңіс тіледі және қолдау көрсетілді!

0
0
149

Есіктен-есікке акциясы аясында үгіт насихат жұмыстарын жүргізді

Жәнібек ауылында, аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер кандидат Сағадатов Елдос есіктен-есікке акциясы аясында үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп Жәнібек ауданынының сайлау алды бағдарламасымен таныстырды. Жәнібек ауылының тұрғындарына өздерінің ерікті түрде сайлауға барып, таңдау жасауға құлықты екендерін жеткізді. Сонымен қатар ондағы тұрғындардың жағдайымен танысып, ауылдың бар мәселелер туралы сөйлесті.

Сондай-ақ, 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлау жөнінде хабардар етіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
168

Көп балалы аналармен кездесті

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары одан әрі жалғасып, бүгін «Nur Otan» партиясы Индер аудандық филиалында үміткерлер "Көктем" қазақ орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әсел Сарғойшина, Аққала орта мектебінің директоры Нұртас Құспанов және кәсіпкер Ақжібек Сабырғалиева көп балалы аналармен кездесті.

Алдымен аналарды тәуелсіздік күнімен құттықтап, еліміздің демографиялық ахуалының көтерілуіне қосып келе жатқан үлестері үшін ризашылықтарын білдірді. Одан әрі үміткер Ә.Сарғойшина:

- «Nur Otan» партиясының 2025 жылғы «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы- біз қолға алған реформалардың заңды жалғасы. Жаңа бағдарлама - аса ауқымды, бірақ нақты жоспарлаған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарламалар жинағы, - деп партия Төрағасы, Елбасы Н. Назарбаев айтқандай, партияның жолы айқын, - деді ол.

Ертеңгі кадрды бүгіннен жасақтау барысында жастарға сенім білдіріліп, оларды арнайы қолдау шаралары жүзеге асып жатқанын, жас отбасымен қатар көп балалы аналарды да баспанамен қамту жайы партияның басты назарында екеніне тоқталды. Аналарды партияға дауыс беруге шақырды.

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Н.Құспанов ауылды өркендету жолында партияның ерекше ықпалы бар екенін, қазір Аққала ауылы адам танымастай өзгергенін тілге тиек ете келе, білім, мәдениет саласында да қолға алынған, партия алға қойған тың бастамалар барын айтты.

Сондай ақ А.Сабырғалиева кәсіпкерлерді сын сәтте әрдайым да қолдап, бірлесіп жұмыс жасауға әзір екендігін, ауданның кәсіпкерлік саласындағы біраз мәселені көтеріп, оны лайықты шешуге ықпал етуге атсалысатындықтарын жеткізді. Ауданда кәсіпкерлікті дамыту, халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына жан-жақты қолдау жөніндегі өзінің ұсыныс-пікірін жеткізді. Сөз соңында үміткерлер «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

"Nur Otan» партиясының Атырау облысы Индер ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

0
0
166

Үгіт насихат жүргізілді.

«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық мәдениет үйінде алдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына ауыл тұрғындарымен үгіт насихат жүргізілді.

Кіріспе сөзінде «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қайырғалиұлы Қуаналиев жиналғандарғанға алдағы сайлауда партия алдында тұрған міндеттерге тоқталды.

Шара барысында сөйлегендер партиялық тізім бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Тахир Зинұрұлы Кадимов және сайлауалды штабтың мүшесі Бекет Алипкалиев өткізілетін сайлауға қатысты өз пікірлерін білдіріп, партия атынан ұсынылған кандидаттарды қолдау және оларды үгіттеп, насихаттау бойынша жүзеге асырылатын жұмыстарды атап өтті.

0
0
154