Сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді
«Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған үміткерлер Мейрамбек Күнпейісов, Дина Бекмурзаева, Нұрсұлтан Абдуллаев,Бақыт Стамкулов,Ирода Мухамеджанова әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шығып, сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді.
Онлайн өткен басқосуда сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Дамудың жеті басымдықтарына жеке-жеке тоқталған үміткерлер білім,әлеуметтік,кәсіпкерлік бағыттары бойынша партияның сайлауалды бағдарламаларын толығымен түсіндірді.Әлеуметтік желі белсенділерінің сауалдарына жауап берді.Онлайн кездесуде ерекше қажеттілікті қажет ететін адамдарға кедергісіз қолжетімділікті құру мақсатында барлық әлеуметтік және инфрақұрылым нысандарын бейімдеуге қол жеткізу жайына ерекше тоқталып, партияның алда атқарар жұмыстарын талқылады.
Құрметті сайлаушылар!
Алдағы сайлауға белсенділікпен қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіз.
