"БІЛІМ және ҒЫЛЫМ" бастауыш партия ұйымының орынбасары С.А.Мәжінбеков "Текесу" тұрғындарымен кездесу
ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МАСЛИХАТЫ ДЕПУТТАТЫҒЫНА ҮМІТКЕР Д.П.ҚОЖАМЖАРОВАНЫҢ СЕНІМДІ ӨКІЛІ, "БІЛІМ және ҒЫЛЫМ" бастауыш партия ұйымының орынбасары С.А.Мәжінбеков "Текесу" тұрғын алабының тұрғындарымен кездесу өткізіп, халықпен кездесу барысында "Nur Otan" партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарында таныстырды. Кездесу барысында Шымкент қаласындағы партияның алдағы бес жылдық жұмыс жоспарын халыққа таныстырды.
Қаладағы үгіт – насихат жұмыстары партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы – негізінде жүзеге асады. Партияның XX съезінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, «Партия қоғамнан келіп түскен барлық ұсыныстарды ескерді. Осы орайда, біздің бағдарламаны бүкіл ел дайындады деп айтуға болады!»


