Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаевтың іссапары туралы

Мұнайлы өңірге арнайы келген Арман Оразбайұлын алдымен үгіт-насихат жұмыстарының жүру барысымен және жоспарларымызбен таныстырдық.

Ұйымдастырылған басқосуларға өңірдің белсенді жастары мен өнер өкілдері және штаб қызметкерлері, сондай-ақ, партиялық бақылаушылар тобы қатысты. Түрлі тақырыптар ортаға тасталып, жан-жақты талқыланды. Бір айта кетерлігі, Партия хатшысы келген күні, Атырауға көптен күткен қар жауды. Жапалақтап тұрып... "Қонақ келсе құт келеді",- демекші... Жақсылыққа баладық. Арман Оразбайұлы, партияның облыстық сайлауалды штабының жұмысына оң баға беріп, сәттілік тіледі.

0
0
125

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаевтың іссапары туралы - Yvision.kz