Мазмұнға өту

Жаңа

Ел аумағында Парламент және барлық деңгейдегі мәслихат сайлауының үгіт-насихат кезеңі жалғасып жатыр

Ел аумағында Парламент және барлық деңгейдегі мәслихат сайлауының үгіт-насихат кезеңі жалғасып жатыр. Осы орайда бүгін бірқатар кездесулер өтті. Кезекті кездесу "канвассинг" бағытында өткізілді. Жалпы Әл-Фараби ауданында зейнет жасына шыққан азаматтарымыз көп болғандықтан, зейнеткерлермен кездесіп, "Nur Otan" партиясының республикалық және қалалық бағдарламасымен таныстырдым. Бағдарламамен танысқан зейнеткерлер көкейлерінде жүрген бірқатар мәселелерді көтерді. Алдымен, қазіргі жастардың жұмыссыздығы жайында сөз қозғады. Сондай-ақ, арнайы тегін берілетін дәрі-дәрмектің сапасыздығына және мүгедектік үшін жәрдемақы алмайтындығына шағымданды. Сонымен қатар, бірқатар коммуналдық мәселелерді де ортаға салды.Ата-әжелеріміздің көтерген мәселелері партия назарына алынып, шешу жолында жұмыстар атқа…

0
0
147

"БІЛІМ және ҒЫЛЫМ" бастауыш партия ұйымының орынбасары С.А.Мәжінбеков "Текесу" тұрғындарымен кездесу

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МАСЛИХАТЫ ДЕПУТТАТЫҒЫНА ҮМІТКЕР Д.П.ҚОЖАМЖАРОВАНЫҢ СЕНІМДІ ӨКІЛІ, "БІЛІМ және ҒЫЛЫМ" бастауыш партия ұйымының орынбасары С.А.Мәжінбеков "Текесу" тұрғын алабының тұрғындарымен кездесу өткізіп, халықпен кездесу барысында "Nur Otan" партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарында таныстырды. Кездесу барысында Шымкент қаласындағы партияның алдағы бес жылдық жұмыс жоспарын халыққа таныстырды.

Қаладағы үгіт – насихат жұмыстары партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы – негізінде жүзеге асады. Партияның XX съезінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, «Партия қоғамнан келіп түскен барлық ұсыныстарды ескерді. Осы орайда, біздің бағдарламаны бүкіл ел дайындады деп айтуға болады!»

0
0
158

Аягөз аудандық мәслихатына үміткер Б.Абен қаланың тұрғындарымен жүздесті

«Nur Otan» партиясының атынан Аягөз аудандық мәслихатына үміткер Б.Абен бүгін «Есіктен есікке» акциясы аясында қаланың тұрғындарымен жүздесіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырдым. Кездесу барысында партияның алға қойған мақсаттарымен және болашақтағы жоспарларларымен бөлісіп, біздің партияны қолдауға шақырды.

42
0
256

Парламент және барлық деңгейдегі маслихат сайлауының үгіт-насихат кезеңі өз жалғасын табуда.

Парламент және барлық деңгейдегі маслихат сайлауының үгіт-насихат кезеңі өз жалғасын табуда.

Осыған байланысты бүгін халықтың мұң-мұқтажын тыңдауға білек сыбана кіріскен Т.Ж.Султанова МЦ.Ай-Нұры, Су ресурстары маркетингінің ұжымдарымен еліміздің көшбасшы партиясы - "Nur Otan" партиясының сайлау алды бағдарламасын түсіндіру бойынша кездесу өтті.

Nur Otan – Қазақстанның қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия. Ол – еліміздегі жетекші саяси күш!

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

«Nur Otan» – нақты істер партиясы!

«Nur Otan» – жарқын жетістіктер партиясы!

Бізге дауыс бер!

#BizBirgemiz!

#NurOtan

0
0
149

Жол және жарық жоқ: Ленин кентінің тұрғыны партия мүшелерінен көмек сұрады

Жол және жарық жоқ: Ленин кентінің тұрғыны партия мүшелерінен көмек сұрады.Руслан Бабашев екінші жыл Ленин кентінің шетінде – Қалқаман көшесінде тұрады. Оның үйіне апаратын жол мен белгілердің болмауына байланысты жедел жәрдем жүре алмайды, ал балаларға мектепке жету қиын.- Бізде жол жоқ, көктем мен күзде – нағыз батпақ. Балшық, саз, - дейді Руслан. - Жақында жұбайым инсульт алды. Жедел жәрдем шақырдық, бірақ олар бізді таба алмады да, жүре алмады да. Өшіп қалады. Көше атауы мен үй нөмірлері бар тақтайшалар жоқ. Үйден аялдамаға дейін тұрғындардың өздері таптаған тар жол. Ал көктемде ол жерден өту тіптен мүмкін емес. Жарықтандыру тек бір жағында. Біз бәрін жасаймыз, ешқашан ештеңе сұрамадық. Бізге тек жол мен көрсеткіштер қажет. Ең болмағанда – ұсақтас, көліктер мен жедел жәрдем жүре алуы…

0
0
136

«Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаевтың іссапары туралы

Мұнайлы өңірге арнайы келген Арман Оразбайұлын алдымен үгіт-насихат жұмыстарының жүру барысымен және жоспарларымызбен таныстырдық.

Ұйымдастырылған басқосуларға өңірдің белсенді жастары мен өнер өкілдері және штаб қызметкерлері, сондай-ақ, партиялық бақылаушылар тобы қатысты. Түрлі тақырыптар ортаға тасталып, жан-жақты талқыланды. Бір айта кетерлігі, Партия хатшысы келген күні, Атырауға көптен күткен қар жауды. Жапалақтап тұрып... "Қонақ келсе құт келеді",- демекші... Жақсылыққа баладық. Арман Оразбайұлы, партияның облыстық сайлауалды штабының жұмысына оң баға беріп, сәттілік тіледі.

0
0
158

Бүгін, NurOtan партиясының Республикалық штаб мүшелері қаланы аралап халық пен кездесулерді өткізді.

Бүгін, NurOtan партиясының Республикалық штаб мүшелері Шымкент қаласын аралап халық пен кездесулерді өткізді. Сол іс-шараға ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Б.С.Оспановта қатысып, Сайрам, Текесу тұрғын алаптарының тұрғындарымен кездесті.

Партиямыздың сайлау алды бағдарламасын жеткізіп, алдағы жоспарларды айтып турғындардың ұсыныстарына жауап берді.

0
0
135

"Есіктен есікке" акциясы бойынша Алатау ауданында

"Есіктен есікке" акциясы бойынша Алатау ауданының үйлерді аралап мәслихат депутаттығына кандидаттар: Нурлыбаев Руслан Ергалиевич , Рамазан Бекбол Батыржанұлы,Шамова Арайлым Мәтжанқызы партияның үгіт насихат парақшасын өз қолдарымен таратты.

0
0
503

Манар Советұлы мен Қанат Назарұлы Ойшілік ауылында "ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ" өткізді.

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Манар Советұлы мен Қанат Назарұлы Ойшілік ауылдық "Ақ- Найман" шаруа қожалығына барып "ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ" өткізді. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, тұрғындардың түрлі сұрақтарына жауап берді.

0
0
163