Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ел аумағында Парламент және барлық деңгейдегі мәслихат сайлауының үгіт-насихат кезеңі жалғасып жатыр

Ел аумағында Парламент және барлық деңгейдегі мәслихат сайлауының үгіт-насихат кезеңі жалғасып жатыр. Осы орайда бүгін бірқатар кездесулер өтті. Кезекті кездесу "канвассинг" бағытында өткізілді. Жалпы Әл-Фараби ауданында зейнет жасына шыққан азаматтарымыз көп болғандықтан, зейнеткерлермен кездесіп, "Nur Otan" партиясының республикалық және қалалық бағдарламасымен таныстырдым. Бағдарламамен танысқан зейнеткерлер көкейлерінде жүрген бірқатар мәселелерді көтерді. Алдымен, қазіргі жастардың жұмыссыздығы жайында сөз қозғады. Сондай-ақ, арнайы тегін берілетін дәрі-дәрмектің сапасыздығына және мүгедектік үшін жәрдемақы алмайтындығына шағымданды. Сонымен қатар, бірқатар коммуналдық мәселелерді де ортаға салды.

Ата-әжелеріміздің көтерген мәселелері партия назарына алынып, шешу жолында жұмыстар атқарылатынын жеткіздім.

"Nur Otan" партиясы – Қазақстан Республикасының қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия. Ол – еліміздегі жетекші саяси күш! "Nur Otan" партиясына дауыс беріңіз!

#Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

«Nur Otan» – нақты істер партиясы!

«Nur Otan» – жарқын жетістіктер партиясы!

0
0
130

Осы тақырып бойынша