Мазмұнға өту

Жаңа

«Менің алғашқы сайлауым!»

«Менің алғашқы сайлауым!»

Осындай ұранмен өтіп жатқан жастар арасындағы акция мазмұндылығымен ерекшеленді. Өйткені, өмірлерінде алғаш рет сайлауға қатысып, өздері таңдаған кандидаттарға дауыс бергелі отырған жастар оның мән-маңызын жақсы түсініп отыр. Олардың әрқайсысы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен  таныса отырып, бұл сасяи шарада өздерінің дауысының маңызды екендерін жақсы түсінуде.

Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдар белесінде жастар еліміздің егеменді ел болып қалыптасу жолындағы кездескен қиындықтарды қалай жеңіп, еңсесін түзеп, отыз  елдің қатарына ену жолында батыл бастамаларды жүзеге асырып келе жатқандарын біледі. Көшбасшы партия өзінің ізбасары «Жас Отан» жастар қанатына, ертеңгі күннің иелері, жарқын болашақтың үміті деп әркез сенім артатынын бүгінгі жас буын жақсы түсінеді.

-Бұл біздің он сегізге толғалы Қазақстан Республикасының азаматы ретіндегі дауыс бергелі отырған алғашқы сайлауымыз. Біздер үшін еліміздің басты оқиғасына қатысып, дауыс беру өте маңызды. Сол себепті де өз елінің жанашыры ретінде өздеріне үлкен жауапкершілік алып отырған кандидаттарға дауыс беру біз үшін патриоттық борыш болып табылмақ,-дейді акцияға қатысушы жастар бір ауыздан

0
0
209

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Дәл қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан сайлау науқанында көптеген шаралар мен акциялар, тұрғындармен бейресми кездесулер ұйымдастырылуда. Мақсат – сайлаудың белсенді әрі ашық өтуі үшін халықтың ақпараттық білімін арттыруға үлес қосу. Сондай шаралардың бірі - "Есіктен есікке" акциясы.

Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар - Досмухамбетов Алихан Декартович және Ермекқалиев  Алтынбек Серікқалиұлы Жуалыой ауылында болып, "Есіктен-есікке" акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, ауыл адамдарына сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Жуалыой ауылының тұрғындарына өздерінің ерікті түрде сайлауға барып, таңдау жасауға құлықты екендерін жеткізді. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындардың жағдайымен танысып, ауыл шешімі таппаған мәселелер туралы сөйлесті.

Сондай-ақ,  2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлау жөнінде хабардар етіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
176

"Кандидатқа сұрақ қой"

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының сайлауалды жұмыстарының жоспарына сәйкес әлеуметтік желі арқылы «Кандидатқа сауал жолда» тікелей эфир арқылы байланысқа шығу жалғасуда. Бүгін әлеуметтік желі арқылы аудандық мәслихатқа депутаттыққа кандидат А. Қалмағамбетов тікелей эфир арқылы өзіне жолданған сауалдарға жауап берді. Өткізілгелі отырған сайлаудағы «Nur Otan» партиясының негізгі ұстанып отырған бағыты, сайлаудың ашықтығы, сайлауға қатысатын кандидаттардың негізгі ортақ идеялары туралы байланысушыларға жеткізе баяндады. Тікелей эфирге шыққан аудан-ауыл тұрғындарының белсенділігі қуантты. Олар мәслихат депутаттығына үміткер А. Қалмағамбетовтің сайлаушылар үмітін ақтап, ел-жұрт аманаттаған тапсырмаларды орындауға күш салатындығына сенім білдірді.

0
0
173

Алатау ауданында Үгіт-Насихат жүргізу бойынша жұмыстар жалғасуда

Алатау ауданында Үгіт-Насихат жүргізу бойынша жұмыстар  жалғасуда       Соның кезекті біреуі бүгінгі «Алатау» дәстүрлі өнер театрында  білім саласы қызметкерлерімен  өтті.  Оған Республикалық  сайлауалды штабтың  мүшелері   Қазақстан Республикасы Парламенті  Сенаты депутаты Д. Ө. Нұржігітова, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа кандидат, "Алматы қаласы Назарбаев интелектуалды мектеп жетекшісі  Ж.Д. Сүлейменова  және  Алматы қаласы Маслихат депутаттығына кандидат "№169 мектеп-лицей" директоры Г.Бекенова,  сондай-ақ Алматы қаласы сайлауалды штабының мүшесі, Мәслихат  депутаттығына кандидат,  "Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжі" директоры Т.М .Тайтулеев , Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар  №201 мектеп-гимназиясының директоры А.М.Шамова және  Гончаров  атындағы  Қазақ  көлік  жолдары институтының проректоры Б. Б. Рамазан қатысты. Кездесу барысында  жиналған қауымды әрбір кандидат  сайлауалды  бағдарламаларымен  таныстырды. Соңы сұрақ жауап  түріндегі  пікір  алмасуға  ұласты.

0
0
245

Білім саласы қызметкерлерімен кездесті

Білім саласы қызметкерлерімен кездесті

Бүгін, 18 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы ғимаратында сайлауалды жұмыстар бағдарламасына аудандық мәслихатқа депутаттыққа үміткерлер С. Байтенова және Г. Бисенғалиева білім саласы мамандарымен кездесті. Аудандық мәслихатқа үміткер Светлана Байтенова еліміздің бастаушы партиясының білім саласы өкілдеріне сенім арта отырып, алдағы сайлау науқанында өздерінің көзқарастары нық, ел алдына қойған мақсаттар жолында жауапкершілікпен жұмыс атқаратынына сенім білдіріп келе жатқандығын айтты. Білім, ғылым жолында ұдайы ізденіс үстінде болуға тиіс білім саласының өкілдері өз жұмыстарында көшбасшы партияның ұстанып отырған бағдармасын қалың бұқара арасында өмірге дендеп ендіруші ғана емес, партия саясатының барлық бағытын бағдаршам ретінде ұстануы тиіс.

Светлана Ешматқызы халық сенім білдіріп отырған кандидаттар ауыл-аудан жұртшылығығымен бұл күндері кездесулер ұйымдастырып жатқандығын, және сайлаушылар ұсынып отырған өзекті деп табылған мәселелер назардан тыс қалмайтындығын айта отырып, зиялы қауым өкілдері де сайлаудың өз дәрежесінде өтуі үшін өз қолдаулчарын көрсетуге тиіс деп атап көрсетті.

Басқосуға келген Ардақ ауылдық округі орта жалпы білім беретін мектебінің кітапханашасы М. Аташева орта мектепте сайлауалды жұмыстардың өз деңгейінде өтіп жатқандығын, ұстаздар ұжымының партия  бағдарламасымен толық таныс екендігін және үгіт-насихат плакаттары мен жадынамаларының  толық таратылғандығын тілге тиек етті. Бір айта кетерлігі, мектептегі шағын ұжымның сайлауға деген түсініктері оң және бұл маңызды науқанға бір кісідей қатысатынына сенім білдірді.

Аудандық мәслихатқа үміткер Г. Бисенғалиева «Nur Otan»партиясының сайлауалды бағдарламасымен кездесуге келушілерге таныстыра отырып, партиясының негізгі ұстанатын бағыттарының бірі-білім саласында терең білім беру жолында ұстаздар ізденісісіне жол ашу, озық тәжірибелерді дәріптеуге жетісу, алғыр да білімге құштар оқушыларға қолдау көрсету екендігімен бөлісті.

0
0
175

Штаб мүшелері ZOOM-мен бас қосты

Сайлауалды  штаб төрағасы Р.Саматов Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері және  аудандық маслихатқа үміткер кандидаттармен ZOOM форматында онлайн  жиналыс өткізді. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының заңды жүргізілуі  туралы тапсырмалар берді.

0
0
156

Белсенділер басты партияны қолдауға шақырды

Аудандық  штаб мүшелері Қырқопа ауылының тұрғындарына халықтың өмір сүру сапасы  мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасауға бағытталған 2025 жылға  дейінгі бағдарламамен таныстырды. Белсенділер тұрғындарды 10 қаңтардағы  сайлауға белсенді қатысуға және "Nur Otan" партиясын қолдауға шақырды.

0
0
185

Гани Ташкараев Самал-2 шағынауданның тұрғындарына үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.

Осы орайда үміткер республикамыздың барлық қалалары заманауи автожолдар желісімен толығып,  жолдар 100 пайызға жақсаратынын айтты. Сондай-ақ, ел бойынша 25 мың шақырым республикалық автожолдар салынып, реконструкциялау жоспарлануда.

0
0
183