Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Кандидатқа сұрақ қой"

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының сайлауалды жұмыстарының жоспарына сәйкес әлеуметтік желі арқылы «Кандидатқа сауал жолда» тікелей эфир арқылы байланысқа шығу жалғасуда. Бүгін әлеуметтік желі арқылы аудандық мәслихатқа депутаттыққа кандидат А. Қалмағамбетов тікелей эфир арқылы өзіне жолданған сауалдарға жауап берді. Өткізілгелі отырған сайлаудағы «Nur Otan» партиясының негізгі ұстанып отырған бағыты, сайлаудың ашықтығы, сайлауға қатысатын кандидаттардың негізгі ортақ идеялары туралы байланысушыларға жеткізе баяндады. Тікелей эфирге шыққан аудан-ауыл тұрғындарының белсенділігі қуантты. Олар мәслихат депутаттығына үміткер А. Қалмағамбетовтің сайлаушылар үмітін ақтап, ел-жұрт аманаттаған тапсырмаларды орындауға күш салатындығына сенім білдірді.

0
0
136

Осы тақырып бойынша

"Кандидатқа сұрақ қой" - Yvision.kz