Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді
Дәл қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан сайлау науқанында көптеген шаралар мен акциялар, тұрғындармен бейресми кездесулер ұйымдастырылуда. Мақсат – сайлаудың белсенді әрі ашық өтуі үшін халықтың ақпараттық білімін арттыруға үлес қосу. Сондай шаралардың бірі - "Есіктен есікке" акциясы.
Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар - Досмухамбетов Алихан Декартович және Ермекқалиев Алтынбек Серікқалиұлы Жуалыой ауылында болып, "Есіктен-есікке" акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, ауыл адамдарына сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Жуалыой ауылының тұрғындарына өздерінің ерікті түрде сайлауға барып, таңдау жасауға құлықты екендерін жеткізді. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындардың жағдайымен танысып, ауыл шешімі таппаған мәселелер туралы сөйлесті.
Сондай-ақ, 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлау жөнінде хабардар етіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
