Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Білім саласы қызметкерлерімен кездесті

Білім саласы қызметкерлерімен кездесті

Бүгін, 18 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы ғимаратында сайлауалды жұмыстар бағдарламасына аудандық мәслихатқа депутаттыққа үміткерлер С. Байтенова және Г. Бисенғалиева білім саласы мамандарымен кездесті. Аудандық мәслихатқа үміткер Светлана Байтенова еліміздің бастаушы партиясының білім саласы өкілдеріне сенім арта отырып, алдағы сайлау науқанында өздерінің көзқарастары нық, ел алдына қойған мақсаттар жолында жауапкершілікпен жұмыс атқаратынына сенім білдіріп келе жатқандығын айтты. Білім, ғылым жолында ұдайы ізденіс үстінде болуға тиіс білім саласының өкілдері өз жұмыстарында көшбасшы партияның ұстанып отырған бағдармасын қалың бұқара арасында өмірге дендеп ендіруші ғана емес, партия саясатының барлық бағытын бағдаршам ретінде ұстануы тиіс.

Светлана Ешматқызы халық сенім білдіріп отырған кандидаттар ауыл-аудан жұртшылығығымен бұл күндері кездесулер ұйымдастырып жатқандығын, және сайлаушылар ұсынып отырған өзекті деп табылған мәселелер назардан тыс қалмайтындығын айта отырып, зиялы қауым өкілдері де сайлаудың өз дәрежесінде өтуі үшін өз қолдаулчарын көрсетуге тиіс деп атап көрсетті.

Басқосуға келген Ардақ ауылдық округі орта жалпы білім беретін мектебінің кітапханашасы М. Аташева орта мектепте сайлауалды жұмыстардың өз деңгейінде өтіп жатқандығын, ұстаздар ұжымының партия бағдарламасымен толық таныс екендігін және үгіт-насихат плакаттары мен жадынамаларының толық таратылғандығын тілге тиек етті. Бір айта кетерлігі, мектептегі шағын ұжымның сайлауға деген түсініктері оң және бұл маңызды науқанға бір кісідей қатысатынына сенім білдірді.

Аудандық мәслихатқа үміткер Г. Бисенғалиева «Nur Otan»партиясының сайлауалды бағдарламасымен кездесуге келушілерге таныстыра отырып, партиясының негізгі ұстанатын бағыттарының бірі-білім саласында терең білім беру жолында ұстаздар ізденісісіне жол ашу, озық тәжірибелерді дәріптеуге жетісу, алғыр да білімге құштар оқушыларға қолдау көрсету екендігімен бөлісті.

0
0
137

Осы тақырып бойынша

Білім саласы қызметкерлерімен кездесті - Yvision.kz