Мазмұнға өту

Жаңа

"Кандидатқа сұрақ қой"

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының сайлауалды жұмыстарының жоспарына сәйкес әлеуметтік желі арқылы «Кандидатқа сауал жолда» тікелей эфир арқылы байланысқа шығу жалғасуда. Бүгін әлеуметтік желі арқылы аудандық мәслихатқа депутаттыққа кандидат А. Қалмағамбетов тікелей эфир арқылы өзіне жолданған сауалдарға жауап берді. Өткізілгелі отырған сайлаудағы «Nur Otan» партиясының негізгі ұстанып отырған бағыты, сайлаудың ашықтығы, сайлауға қатысатын кандидаттардың негізгі ортақ идеялары туралы байланысушыларға жеткізе баяндады. Тікелей эфирге шыққан аудан-ауыл тұрғындарының белсенділігі қуантты. Олар мәслихат депутаттығына үміткер А. Қалмағамбетовтің сайлаушылар үмітін ақтап, ел-жұрт аманаттаған тапсырмаларды орындауға күш салатындығына сенім білдірді.

0
0
154

Алатау ауданында Үгіт-Насихат жүргізу бойынша жұмыстар жалғасуда

Алатау ауданында Үгіт-Насихат жүргізу бойынша жұмыстар жалғасуда Соның кезекті біреуі бүгінгі «Алатау» дәстүрлі өнер театрында білім саласы қызметкерлерімен өтті. Оған Республикалық сайлауалды штабтың мүшелері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаты Д. Ө. Нұржігітова, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа кандидат, "Алматы қаласы Назарбаев интелектуалды мектеп жетекшісі Ж.Д. Сүлейменова және Алматы қаласы Маслихат депутаттығына кандидат "№169 мектеп-лицей" директоры Г.Бекенова, сондай-ақ Алматы қаласы сайлауалды штабының мүшесі, Мәслихат депутаттығына кандидат, "Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжі" директоры Т.М .Тайтулеев , Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар №201 мектеп-гимназиясының директоры А.М.Шамова жә…

0
0
233

Білім саласы қызметкерлерімен кездесті

Білім саласы қызметкерлерімен кездестіБүгін, 18 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы ғимаратында сайлауалды жұмыстар бағдарламасына аудандық мәслихатқа депутаттыққа үміткерлер С. Байтенова және Г. Бисенғалиева білім саласы мамандарымен кездесті. Аудандық мәслихатқа үміткер Светлана Байтенова еліміздің бастаушы партиясының білім саласы өкілдеріне сенім арта отырып, алдағы сайлау науқанында өздерінің көзқарастары нық, ел алдына қойған мақсаттар жолында жауапкершілікпен жұмыс атқаратынына сенім білдіріп келе жатқандығын айтты. Білім, ғылым жолында ұдайы ізденіс үстінде болуға тиіс білім саласының өкілдері өз жұмыстарында көшбасшы партияның ұстанып отырған бағдармасын қалың бұқара арасында өмірге дендеп ендіруші ғана емес, партия саясатының барлық бағытын бағдаршам ре…

0
0
159

Штаб мүшелері ZOOM-мен бас қосты

Сайлауалды штаб төрағасы Р.Саматов Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері және аудандық маслихатқа үміткер кандидаттармен ZOOM форматында онлайн жиналыс өткізді. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының заңды жүргізілуі туралы тапсырмалар берді.

0
0
136

Белсенділер басты партияны қолдауға шақырды

Аудандық штаб мүшелері Қырқопа ауылының тұрғындарына халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасауға бағытталған 2025 жылға дейінгі бағдарламамен таныстырды. Белсенділер тұрғындарды 10 қаңтардағы сайлауға белсенді қатысуға және "Nur Otan" партиясын қолдауға шақырды.

0
0
167

Гани Ташкараев Самал-2 шағынауданның тұрғындарына үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.

Осы орайда үміткер республикамыздың барлық қалалары заманауи автожолдар желісімен толығып, жолдар 100 пайызға жақсаратынын айтты. Сондай-ақ, ел бойынша 25 мың шақырым республикалық автожолдар салынып, реконструкциялау жоспарлануда.

0
0
166

Үміткер үгіт-насихат жұмысын жүргізді

10 желтоқсанда Қазақстанда саяси партиялардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды. Әрбір партия тұрғындарды өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырады. Аудандық мәслихатқа кандидат Жандос Ғиниетоллаұлы Бірлік ауылының тұрғындарымен үгіт-насихат кездесуін өткізді. Кездесу барысында "Nur Otan" партиясының бағдарламасымен егжей-тегжейлі таныстырды.

0
0
123

Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!

Құрметті Отандастар! Сіздерді көк Туымызды көкке самғатып, Әнұранымызды әлемге әуелеткен, егеменді еліміздің тұмар қып сақтар ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осы Тәуелсіздіктің арқасында деңгейіміз өсіп, биік белестерді бағындырдық. Мемлекетіміз әлемдік аренаға шығып, шет елдермен тең дәрежеде бой да ой да жарыстыратын деңгейге жетті. Бұл - ең алдымен Елбасының сарабдал саясатының арқасында деп ойлаймын. Ішкі тұрақтылық пен ынтымағымыз жарасын таба берсе, бұдан да жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіндік мол. Сондықтан бірлігіміз бекем болсын! Тәңір сыйлаған Тәуелсіздік тұғырын биік ұстайық. Ұлттық мереке құтты болсын!!!

Игі тілекпен: "Nur Otan" партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Саматов.

0
0
194