Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Менің алғашқы сайлауым!»

«Менің алғашқы сайлауым!»

Осындай ұранмен өтіп жатқан жастар арасындағы акция мазмұндылығымен ерекшеленді. Өйткені, өмірлерінде алғаш рет сайлауға қатысып, өздері таңдаған кандидаттарға дауыс бергелі отырған жастар оның мән-маңызын жақсы түсініп отыр. Олардың әрқайсысы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныса отырып, бұл сасяи шарада өздерінің дауысының маңызды екендерін жақсы түсінуде.

Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдар белесінде жастар еліміздің егеменді ел болып қалыптасу жолындағы кездескен қиындықтарды қалай жеңіп, еңсесін түзеп, отыз елдің қатарына ену жолында батыл бастамаларды жүзеге асырып келе жатқандарын біледі. Көшбасшы партия өзінің ізбасары «Жас Отан» жастар қанатына, ертеңгі күннің иелері, жарқын болашақтың үміті деп әркез сенім артатынын бүгінгі жас буын жақсы түсінеді.

-Бұл біздің он сегізге толғалы Қазақстан Республикасының азаматы ретіндегі дауыс бергелі отырған алғашқы сайлауымыз. Біздер үшін еліміздің басты оқиғасына қатысып, дауыс беру өте маңызды. Сол себепті де өз елінің жанашыры ретінде өздеріне үлкен жауапкершілік алып отырған кандидаттарға дауыс беру біз үшін патриоттық борыш болып табылмақ,-дейді акцияға қатысушы жастар бір ауыздан

0
0
172

Осы тақырып бойынша

«Менің алғашқы сайлауым!» - Yvision.kz