Мазмұнға өту

Жаңа

Бөкей ордасы аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Лариса Тельманқызы Қайырғалиева кездесу өткізді

Бөкей ордасы аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Лариса Тельманқызы Қайырғалиева аудандық білім беру саласының және аудан жастарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Лариса Тельманқызы Қайырғалиева "Nur Otan" партиясының сайлау алды бағдарламасымен сайлаушыларды таныстырып, алдағы 10 қаңтар күні өз дауыстарын нақты істердің партиясы "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
159

16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты мерекелік шара өткізілді

Бөкей ордасы аудандық демалыс орталығында 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты мерекелік шара өткізілді. Шара барысында аудан әкімі Рахымжанов Нұрлан Сағынтайұлы барша жиналғандарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бір қатар сала мамандарын алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар жас өнерпаздар өнер көрсетіп, би билеп, күй шертіп, әуезді әншілер ән шырқап, мерекелік кеш одан әрі жалғасын тапты.

0
0
210

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне орай партия қатарына қабылдау салтанаты өтті

“Nur Otan” партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне орай партия қатарына қабылдау салтанаты өтті. Іс-шара барысында аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары М.Аққалиев барша жиналғандарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, партия мүшесіне партиялық билетін табыстады. Сонымен қатар аудандық штаб мүшелері Т.Арстанбеков пен Қ.Елемесов бүгінгі айтулы күн, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, сәттілік тіледі.

0
0
109

Облыстық,аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер ауыл сайлаушыларымен кездесу өткізді.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатына үміткер И. Габдуллин және Бөкей ордасы аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер А. Белисанов, Р. Құрманғазиев ауыл сайлаушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында "Nur Otan" партиясының аудандық сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

0
0
129

Мұратсай ауылында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

"Nur Otan" партиясы атынан аудандық маслихат депутаттығына үміткер Джумагулова Бибигуль Мұхаққызы Канвассингтік кездесу бойынша "Nur Otan" партиясының сенімді өкілдерімен үгіт насихат жүргізу мақсатында Мұратсай ауылының ел ағалары - аналарымен кездесу өткізді. Ауылдың бір қатар мәселелерімен танысып, ауданымызға сыйлы, көпті көрген ауыл ақсақалы Каспий ағамыз пікір-кеңестерімен бөлісті. Қазіргі еліміздегі жағдайларға тоқтала келіп, сайлауға қатынасатындарын, бірауыздан NurOtan партиясына дауыс беруге және ауыл тұрғындарын бірлікке "Біз біргеміз" ұранымен бірігуге шақыратындарын, тұрақтылық пен тыныштықты сақтау мақсатында жұмыстанатындарын да жеткізді.

0
0
147

Хан Ордасы ауылында, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлері ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.

Хан Ордасы ауылында, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ғ.Махимов, В.Елемесова, А.Тусупкалиева ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында аудандық сайлауалды бағдарламасы түсіндіріліп, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

0
0
128

«Сайлау» - бүгін пайда болған ұғым емес

Дәл қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан сайлау науқанында көптеген шаралар мен акциялар, тұрғындармен бейресми кездесулер ұйымдастырылуда. Мақсат – сайлаудың белсенді, әрі ашық өтуі үшін халықтың ақпараттық білімін арттыруға үлес қосу. Сондай шаралардың бірі –канвассинг.«Сайлау» - бүгін пайда болған ұғым емес, ол тарихымыздан бері келе жатқан саяси үрдіс. Бұл ретте аға-буын өкілдерінің ойы мен белсенді араласып, қолдау көрсетуі - өте маңызды. Яғни, аталмыш шара мақсаты – өңірдегі құрметті азаматтардың, ағартушы-ардагерлердің үйіне барып, өзара рухани сұқбат алаңын ұйымдастыру.ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер Бисембиев Сержан Жиенқұлұлы ағамыздың үйінде болды.Үміткерлер қазіргі таңда, орын алып жатқан сайлау науқаны туралы айтып, партияның сайлаудағы ұстанымда…

0
0
202

Облыстық мәслихатына үміткер Габдуллин Исетай Есетұлы “ЕСІКТЕН ЕСІККЕ” акциясын өткізді

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатына үміткер Габдуллин Исетай Есетұлы “ЕСІКТЕН ЕСІККЕ” акциясы аясында кездесу өткізді. Кездесу барысында ауыл сайлаушыларына үгіт-насихат жүргізіп, толғандырған мәселелерімен ұсыныстарын тындады.

0
0
142

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!Преодолев испытания, победим вместе!

#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo

қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

преодолев испытания, победим вместе!

Осы сілтеме арқылы видео материалды көре аласыз

https://fb.watch/2wm9i0TxFo/

0
0
118