Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Есіктен есікке» акциясы, үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

Бөкей ордасы ауданында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Батыс Қазақстан облысы мәслихат депутаттығына үміткер Исетай Габдуллин Есетұлы және аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Айбарша Сырымқызы Бейсова үгіт-насихат жұмыстары аясында «Есіктен есікке» акциясымен үй-үйді аралап, Бөрлі ауылының тұрғындармен кездесті.

Еңбек ардагерлерімен жүздесіп, сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, ардагерлердің тыныс-тіршіліктерімен танысты.

Кандидаттар бағдарламада қарастырылған алдағы уақытта ауданды дамытуға арналған жеті бағыт бойынша жұмыс жасайтынын айтып, бірқатар мәселелерге тоқталып өтті. Қысқаша тоқталар болсақ, ауыл тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ауданның ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтауға іс-қимыл жасалатыны, жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй – коммуналдық саласын жаңғыртуға, сондай-ақ қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл-Ел бесігі» жобасын іске асыру жайлы сөз болды. Түйінді мәселелерін жазып алып, мүмкіндігінше партия тарапынан шешуге атсалысатынын, партияның сайлауалды бағдарламасының өңірдегі оңтайлы істердің жобаларымен таныстырып, тұрғындардың ұсыныс-тілектері маңызды екенін жеткізіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Акция аясында «Nur Otan» партиясының жобаларына да тоқталып, «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Құтты мекен» т.б. партиялық жобаларының әрі қарай жалғасатындығын, партия халықтың әлеуметтік жағдайын басты назарда ұстайтынын жеткізді.

Өңірдегі мәслихат депутаттығына үміткер болып тіркелген кандидаттар да партияның сенімі мен үмітін ақтау үшін барынша үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру үстінде. Тұрғындардың басым көпшілігі партияның белсенді мүшелері екенін айтып, партияны бірауыздан қолдайтынын жеткізді.

0
0
148

Осы тақырып бойынша