Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Экспромт - кездесулер жалғасуда

Батыс Қазақстан облысы мәслихат депутаттығына үміткер Габдуллин Исетай Есетұлы және аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Бейсова Айбарша Сырымқызы үгіт-насихат жұмыстары аясында Бөрлі ауылындағы сауда дүкендерінде тұрғындармен экспромт кездесуін өткізді.

Осы кездесу аясында ауыл халқымен кездесіп, дүкендерде тұтынушылардың толғандыратын көптеген сұрақтарына жауап берді. Исетай Габдуллин өз кезегінде ауыл тұрғындарының ұсыныстарын тыңдап, оларды шешуге дайын екендігін жеткізе келе, әр сайлаушының дауысы маңызды, сайлаушылардың таңдауы – бүкіл елдің болашағын таңдау екендігін ескеріп өтті. Кандидаттар «Nur Otan» партиясының еліміздің бүгінгі жеткен жетістіктерін жалғастыруға мүдделі саяси институт екенін айтып, тұрғындарды мазалаған мәселелері жөнінде сұрады. Ауыл тұрғындары да осындай жаңа форматта ұйымдастырылған кездесуге риза болып, өз тараптарынан алғысын білдіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, өңірдегі оңды өзгерістермен, халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында атқарылар игі бастамаларды қолдайтындықтарын жеткізді. Сайлауға белсенді қатысуға сөз беріп, халық үшін қызмет ететін осындай азаматтарды таңдайтындықтарын айтты.

0
0
108

Осы тақырып бойынша