Мазмұнға өту

Жаңа

Үміткерлер "Есіктен-есікке" акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Досмұхамбетов Алихан мен Ермекқалиев Алтынбек және олардың сенім білдірген адамдары "Есіктен-есікке" акциясы аясында үйлерді аралап, насихат жұмыстарын жүргізді. Өз кезегінде олар депутаттыққа ұсынылғандағы мақсат-мүдделерін айтып, халықтың мұң-мұқтаждықтарын ескерусіз қалдырмай, билікке жеткізуді көздейтіндіктерін түсіндірді. Басты партияның болашағы зор екенін алға тартып, сайлауда "Nur Otan"-ға дауыс беруге шақырды.

0
0
145

Достық үйінде өңірдің проблемалық мәселелерін талқылау бойынша жиналыс өтті.

Шараға ҚР Мәжіліс депутаттыққа үміткер С. Мұсабаев, облыстық депутаттыққа үміткер К.Ешманов, қалалық депутаттыққа үміткерлер Ғ. Әбдісадық, Е.Сыражанов, Ш. Гусейнов, А. Шәмшадинова, сондай-ақ кәсіпкерлер, жастар және қоғамдық бірлестік өкілдері қатысты.

Жиын барысында Ақтау қаласының Шығыс шағын ауданында мектеп пен балабақша құрылысы, 16 және 17 шағын аудандарда автобус маршруттарын ұйымдастыру, Қызылтөбе ауылында ауыз су мен асфальт жүргізу, Мұнайлы ауданында мектеп, балабақша салу, су жүргізу мәселелері талқыланды.

Кандидаттар бұл сұрақтардың барлығы праймериз кезінде қамтылып, бүгінде орындалу бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын және орындалысы партия бақылауында екенін атап өтті. Сонымен қатар, жоғарыда аталған мәселелер "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасында да қамтылған.

0
0
178

Жастар флеш-моб ұйымдастырды

Бүгін Жаңақала аудандық "Nur Otan" партиясының белсенді, жалынды жастары партия атынан Кандидаттыққа түсіп жатырған үміткерлерді қолдау бағытында флеш-моб ұйымдастырды. "Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!" деген ұранмен бірлікке шақырды.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz

0
0
163

Тікелей эфирге шықты

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер кандидат Серік Жардемалиев "Мен кандидатпын" атты тікелей эфирге шығып, өзінің бағдарламасын таныстырды. Эфир барысында қойылған сұрақтарға жауап беріп, алға қойған мақсатын айтып өтті.

0
0
154

"Үміткерлерді қолдаймын!"

"Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне "Nur Otan" партиясы атынан облысымыздан кандидаттығын ұсынған үміткерлер ауданымызға келді. Үміткерлеріміздің мақсаты аудан тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаларымен таныстыру шараларын ұйымдастыру болды. Мен осы үміткерлерді қолдаймын және аудан тұрғындарына "Nur Otan"-ға дауыс беруге шақырамын",-деді партияның белсенді, жас жалыны Бекзат Досқазиев.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021#

0
0
124

Үгіт-насихатшылар "Казтрансгазаймақ" қызметкерлерімен кездесті

Осы сын-қатерлі кезеңде Елбасының бастамасымен өткен «Biz Birgemiz» акциясы аясында Маңғыстау ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының мүшелері мен еріктілер 400-астам отбасыға азық-түлік жиынтықтырын жеткізді, 918 мұқтаж адам 50 мың теңгеден алды.«Nur Otan» партиясы ауданды дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын ұдайы жақсарту үшін жағдай жасау. Бұл орайда ауданда ауыл шаруашылығын және өңдеу өнеркәсібін дамыту, кәсіпкерлерге қолдау, жолдардың сапасын жақсарту, халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру, тұрғын үйге қолжетімділік, медициналық қызмет көрсету мен білім саласын ілгерілету, тең мүмкіндіктер қоғамы, бұқаралық спортты дамыту бағытында мүдделі жұмыстары бар. Бұдан басқа да біршама жұмыстар легі 2…

0
0
167

Арман Қырықбаев Маңғыстау жастарымен кездесті

Кездесуге үгіт науқанына қатысып жүрген белсенді жастар, қала мен аудандарға жауапты координаторлар қатысты.

Кездесу барысында Арман Оразбайұлы жастарға сайлау алды үгіт кезеңіне қатысып, халықты партияға дауыс беруге шақырып жүрген белсенділерге алғысын жеткізіп, алда да партияның дамуы жолында еңбек етуге шақырды.⠀

«Өңірде 693 белсенді үгіт науқанына қатысуда. Қазіргі уақытқа дейін 79711-үгіт материалдары жабыстырылып, «Есіктен есікке» акциясы аясында өңір тұрғындарына таратылды. Барлық жастар имидждік киіммен қамтылды, келісім-шарт жасақталды» дейді «Jas Otan» МОФ төрағасы Н.С.Мағдатов.⠀

#NurOtan #JasOtan #JasOtanMangystau #NurOtanMangystau

0
0
211

Газ мәселесі реттелді

Жағдайдың реттелгеніне толық көз жеткізу мақсатында "Nur Otan” партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясы қала мен оған іргелес орналасқан елдімекендерді аралап, газ құю бекеттерін шолып шықты.

⁃ Облыста соңғы күндері орын алған жағдайға байланысты "Nur Otan" партиясы Маңғыстау облыстық филиалы шұғыл түрде әрекет етті. Жергілікті билік өкілдерімен, сонымен қатар Партиялық бақылау комиссиясының кезектен тыс отырысын өткізіп, мәселені шешу жолдарын қарастырдық. Жауапты басқарма басшысына нақты тапсырма берілді. Бүгін жағдай реттелгенін байқауға болады. Бақылауда ұстаймыз, - дейді партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Әбілов

0
0
150

Тұрғындармен кездесу

"Есіктен есікке" акциясы аясында қалалық мәслихатқа үміткер Қанағат Мыңтұрғановтың сенімді өкілі Аманғали Сәрсенбай "Өркен" шағын ауданының бірнеше үйіне кіріп шықты.

“Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, 10 қаңтарда партиямызға дауыс беруге үгіттеу жұмыстарын жүргізді.

Ал екінші кандидат Батыржан Қорғанбаев болса «Өркен» шағынауданының басқа бірқатар үйіне, азық-түлік дүкендерге соғып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Акция барысында қала тұрғындары тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныс пікірлері тиісті мекеме басшыларына жеткізілетіні айтылды. Жалпы көптеген мәселені шешу шарасы партияның 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында қарастырылған.

0
0
122