Мазмұнға өту

Жаңа

Қоғамдық қабылдау

«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде партия атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер А.Омаров және Н.Әжібаев қала тұрғындарын қабылдады. Азаматтар мекен жай тіпкелімі, үй-коммуналдық шаруашылық және жұмыспен қамту мәселелері бойынша ұсыныстар жиналды. Бір азаматтың жеке мәселесі оң шешілді. Арызданушы «Nur Otan» партиясына ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының баспасөз қызметі.

1
0
191

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын халыққа түсіндіру

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Ертаев Сырым Махамбетұлы "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын халыққа түсіндіру және үгіт-насихат жұмысын жүргізу үшін әлеуметтік желіде тікелей эфирде

Толығырақ: https://www.facebook.com/100011843029209/videos/943770552694370/

0
0
152

Канвассинг - бұл партия жақтастарын жекелеп тарту

Бүгінде, ел аумағында мәслихат сайлауының үгіт-насихат кезеңі канвассинг форматында жалғасып жатыр. Осы орайда аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Нұрлан Қойбағаров пен Бауыржан Қожатай Төлеби ауданының құрметті азаматы, ауданымыздың Төбе биі Әсет Кембаев ағамен кездесті.

Кездесу барысында ағамыз өзінің тәжірибесімен бөлісіп, өткен тарихқа үңілді. Ел келешегі үшін атқарылып жатқан игі істерге сәттілік тілеп, жеңіс биігінен көрінуге қолдау білдірді.

1
0
387

Зейнеткер Сейітов Жамбыл ақсақалдың шаңырағында

Канвассинг, яғни құрметті, белгілі тұлғалармен кездесу шарасы аясында аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Өмірәлі Бердіғали Ленгер қаласының биі,зейнеткер Сейітов Жамбыл ақсақалдың шаңырағына арнайы барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Үміткерлер өз кезегінде Қазақстанда 10 қаңтарда өтетін сайлау жүйесінен хабардар екенін айтып, еліміздің жетекші партиясына сенімі мол екендігін жеткізді. Сонымен қатар нұротандық үміткерлерге сәттілік тілеп, салмақты әңгімесін жылы лебіз, ізгі ниетімен аяқтады.

1
0
191

Әлеуметтік желілерде "Jas Otan" ЖҚ " Денсаулық - зор байлық" атты патриоттық акциясын қолдады

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда.

Осыған орай "Nur Otan" партиясы Төлеби аудандық сайлауалды штабының және "Jas Otan" ЖҚ жанынан құрылған белсенділердің ұйымдастыруымен "Денсаулық - зор байлық" атты патриоттық акциясы Жастар ресурстық орталығында өтті. "Jas Otan" белсенділері "Денсаулық зор байлық" тақырыбында бейнероликтер дайындап, оларды Facebook және Instagram парақшаларына таратылды.

1
0
166

Ұстаздар мен ата-аналардың ДƏНЕКЕРІ

"Nur Otan" партиясы Төлеби аудандық сайлауалды штабының ұйымдастыруымен аудандық мәслихат депутатығына үміткер Х.Аширбекова, Н.Клушев, Ф.Қалтаева "Канвассинг" аясында Төлеби ауданының тұрғыны Абдуллаева Рахима Ниязқұлқызымен кездесу өткізді.Рахима Ниязқұлқызы аяулы ана, асыл әже. Ұрпақ тәрбиесін ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Немерелерін өнер-білімге жетелей жүріп, бүгінгі оқу үдерісіне ата-ана ретінде өз үлесін қосып келеді.2004 жылдан бері Ленгір қаласындағы№1 мектеп-гимназиясында ата-аналар комитетінің төрайымы.Рахима Абдуллаева өзін қарапайым еңбек адамы санайды. Ұзақ жылдар "Төлеби автобус паркі" мекемесінде кадр бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған. Бүгінде зейнеткер ана ел саясатын әрдайым қолдап отыратынын жеткізді.«Nur Otan» партиясының ел мүддесі жолында жасап жатқан әр…

1
0
207

«Есіктен – Есікке» акциясы

Бүгін «Есіктен – Есікке» акциясы аясында маслихат депутаттығына үміткер Зулеев Мухтар @mukhtar_zuleyev сайлаушылармен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасының ерекшеліктерін атап өтіп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды баяндады.

-------------------------------------------------

#NurOtan #NurOtanAlmaty #jenimpazbol

0
0
175

Балабақшаларға тексеріс жүргізді

Бүгін "Nur Otan" партиясы Жаңақала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Саматов және Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы С.Жардемалиев балабақшаларға арнайы барып, тексеріс жүргізді. Мекеменің жарық, жылу жүйелерімен қамтылуын, жатын орындары мен әр бөлменің санитарлық талапқа сай тазалығын, асханасын тексеріп, жіті бақылады. Қазіргі уақытта жүріп жатқан індетпен күресу үшін ең алдымен тазалық сақтауды назардан тыс қалдырмау керектігін түсіндірді. "Дені саудың - жаны сау" деген мақалды берік ұстанған партия белсенділері балабақшалардың ережеге сай гигиеналық талапты сақтап жұмыс жасағандығының куәсі болды. "Болашағымыз, балалар ауырмасын" деген тілек-ниеттерін жеткізді.

0
0
115

Ақтауда «Есіктен есікке» акциясы қарқынды жүргізілуде

«Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық мәслихаты депутаттығына үміткер, көпбалалы ана, кәсіпкер Шагирова Балшекер Муханбетқызы «Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

Акция аясында партия ұсынып отырған сайлауалды бағдарламаның басты бағыттары туралы айтып, сайлауға шақырды.

0
0
153