Ұстаздар мен ата-аналардың ДƏНЕКЕРІ
"Nur Otan" партиясы Төлеби аудандық сайлауалды штабының ұйымдастыруымен аудандық мәслихат депутатығына үміткер Х.Аширбекова, Н.Клушев, Ф.Қалтаева "Канвассинг" аясында Төлеби ауданының тұрғыны Абдуллаева Рахима Ниязқұлқызымен кездесу өткізді.

Рахима Ниязқұлқызы аяулы ана, асыл әже. Ұрпақ тәрбиесін ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Немерелерін өнер-білімге жетелей жүріп, бүгінгі оқу үдерісіне ата-ана ретінде өз үлесін қосып келеді.
2004 жылдан бері Ленгір қаласындағы
№1 мектеп-гимназиясында ата-аналар комитетінің төрайымы.
Рахима Абдуллаева өзін қарапайым еңбек адамы санайды. Ұзақ жылдар "Төлеби автобус паркі" мекемесінде кадр бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған. Бүгінде зейнеткер ана ел саясатын әрдайым қолдап отыратынын жеткізді.
«Nur Otan» партиясының ел мүддесі жолында жасап жатқан әрбір игі амалы үшін алғыс айтатынын, қашанда
«NurOtan» партиясына дауыс беретінін мақтанышпен баяндады. Ұлтаралық татулық салтанат құрған Қазақстанның ертеңі «Nur Otan» партиясының қолында деп сенемін,- дейді Рахима Ниязқұлқызы. Кездесу соңында Рахима апай «Жастар сіздерге қарап, спорт пен іскерлікке ұмтылады, бой түзейді. Сіздердей ел игілігі үшін қызмет етіп, «Nur Otan» партиясының саясатын іске асырып жүрген азаматтар мен азаматшалардың қатары көбейе берсін» деп, ақ батасын берді.
Әрбір еңбек адамы партияға осылай үміт артса, еліміздің алмайтын асу болмас.
