Мазмұнға өту

Жаңа

Балабақшаларға тексеріс жүргізді

Бүгін  "Nur Otan" партиясы Жаңақала аудандық филиалы төрағасының бірінші  орынбасары  Р.Саматов және Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы  С.Жардемалиев балабақшаларға арнайы барып, тексеріс жүргізді. Мекеменің  жарық, жылу жүйелерімен қамтылуын, жатын орындары мен әр бөлменің  санитарлық талапқа сай тазалығын, асханасын тексеріп, жіті бақылады.  Қазіргі уақытта жүріп жатқан індетпен күресу үшін ең алдымен тазалық  сақтауды назардан тыс қалдырмау керектігін түсіндірді. "Дені саудың -  жаны сау" деген мақалды берік ұстанған партия белсенділері  балабақшалардың ережеге сай гигиеналық талапты сақтап жұмыс  жасағандығының куәсі болды. "Болашағымыз, балалар ауырмасын" деген  тілек-ниеттерін жеткізді.

0
0
135

Ақтауда «Есіктен есікке» акциясы қарқынды жүргізілуде

«Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық мәслихаты депутаттығына үміткер, көпбалалы ана, кәсіпкер  Шагирова Балшекер Муханбетқызы «Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғындар арасында  үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

Акция аясында партия ұсынып отырған сайлауалды бағдарламаның басты бағыттары туралы айтып, сайлауға шақырды.

0
0
164

Үміткерлер "Есіктен-есікке" акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Облыстық  мәслихат депутаттығына кандидаттар Досмұхамбетов Алихан мен Ермекқалиев  Алтынбек және олардың сенім білдірген адамдары "Есіктен-есікке" акциясы  аясында үйлерді аралап, насихат жұмыстарын жүргізді. Өз кезегінде олар  депутаттыққа ұсынылғандағы мақсат-мүдделерін айтып, халықтың  мұң-мұқтаждықтарын ескерусіз қалдырмай, билікке жеткізуді  көздейтіндіктерін түсіндірді. Басты партияның болашағы зор екенін алға  тартып, сайлауда "Nur Otan"-ға дауыс беруге шақырды.

0
0
166

Достық үйінде өңірдің проблемалық мәселелерін талқылау бойынша жиналыс өтті.

Шараға ҚР Мәжіліс депутаттыққа үміткер  С. Мұсабаев, облыстық  депутаттыққа үміткер К.Ешманов, қалалық  депутаттыққа үміткерлер Ғ. Әбдісадық,  Е.Сыражанов, Ш. Гусейнов, А. Шәмшадинова, сондай-ақ кәсіпкерлер, жастар және қоғамдық бірлестік өкілдері қатысты.

Жиын барысында Ақтау қаласының Шығыс шағын ауданында мектеп пен балабақша құрылысы, 16 және 17 шағын аудандарда автобус маршруттарын ұйымдастыру, Қызылтөбе ауылында ауыз су мен асфальт жүргізу, Мұнайлы ауданында мектеп, балабақша салу, су жүргізу мәселелері талқыланды.

Кандидаттар бұл сұрақтардың барлығы праймериз кезінде қамтылып, бүгінде орындалу бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын және орындалысы партия бақылауында екенін атап өтті. Сонымен қатар, жоғарыда аталған мәселелер "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасында да қамтылған.

0
0
193

Жастар флеш-моб ұйымдастырды

Бүгін Жаңақала аудандық "Nur Otan" партиясының белсенді, жалынды жастары  партия атынан Кандидаттыққа түсіп жатырған үміткерлерді қолдау бағытында флеш-моб ұйымдастырды. "Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!" деген ұранмен бірлікке шақырды.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz

0
0
184

Тікелей эфирге шықты

Бүгін  аудандық мәслихат депутаттығына үміткер кандидат Серік Жардемалиев "Мен  кандидатпын" атты тікелей эфирге шығып, өзінің бағдарламасын  таныстырды. Эфир барысында қойылған сұрақтарға жауап беріп, алға қойған  мақсатын айтып өтті.

0
0
177

"Үміткерлерді қолдаймын!"

"Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне "Nur Otan" партиясы атынан облысымыздан кандидаттығын ұсынған үміткерлер ауданымызға келді. Үміткерлеріміздің мақсаты аудан тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаларымен таныстыру шараларын ұйымдастыру болды. Мен осы үміткерлерді қолдаймын және аудан тұрғындарына "Nur Otan"-ға дауыс беруге шақырамын",-деді партияның белсенді, жас жалыны Бекзат Досқазиев.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021#

0
0
148

Үгіт-насихатшылар "Казтрансгазаймақ" қызметкерлерімен кездесті

Осы сын-қатерлі кезеңде Елбасының бастамасымен өткен «Biz Birgemiz» акциясы аясында Маңғыстау ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының мүшелері мен еріктілер 400-астам отбасыға азық-түлік жиынтықтырын жеткізді, 918 мұқтаж адам 50 мың теңгеден алды.

«Nur Otan» партиясы ауданды дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын ұдайы жақсарту үшін жағдай жасау. Бұл орайда ауданда ауыл шаруашылығын және өңдеу өнеркәсібін дамыту, кәсіпкерлерге қолдау, жолдардың сапасын жақсарту, халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру, тұрғын үйге қолжетімділік, медициналық қызмет көрсету мен білім саласын ілгерілету, тең мүмкіндіктер қоғамы, бұқаралық спортты дамыту бағытында мүдделі жұмыстары бар. Бұдан басқа да біршама жұмыстар легі 2025 жылға дейін жүзеге асырылады.

Бұл туралы бүгін "Nur Otan" партиясының Маңғыстау аудандық филиалының мәжіліс залында өткен басқосуда айтылды. Облыстық мәслихат депутатына кандидаттар Г.Серікова мен Н.Сәрсенбайдың сенімді өкілі Е.Бекмұратов "Казтрансгазаймақ" ұжымымен кездесіп, сайлауалды бағдарламамен таныстырды. Сұрақ-жауап алмасты. "Казтрансгазаймақ" қызметкерлері алдағы жауапты кезең болып саналатын сайлау науқанында дауыс беруге ұйымшылдықпен қатысатынын жеткізді.

0
0
182

Арман Қырықбаев Маңғыстау жастарымен кездесті

Кездесуге үгіт науқанына қатысып жүрген белсенді жастар, қала мен аудандарға жауапты координаторлар қатысты.

Кездесу барысында Арман Оразбайұлы жастарға сайлау алды үгіт кезеңіне қатысып, халықты партияға дауыс беруге шақырып жүрген белсенділерге алғысын жеткізіп, алда да партияның дамуы жолында еңбек етуге шақырды.⠀

«Өңірде 693 белсенді үгіт науқанына қатысуда. Қазіргі уақытқа дейін 79711-үгіт материалдары жабыстырылып, «Есіктен есікке» акциясы аясында өңір тұрғындарына таратылды. Барлық жастар имидждік киіммен қамтылды, келісім-шарт жасақталды» дейді «Jas Otan» МОФ төрағасы Н.С.Мағдатов.⠀

#NurOtan #JasOtan #JasOtanMangystau #NurOtanMangystau

0
0
223