Азық-түлік тауарларымен тұрақты түрде қамтамасыз ету мәсеселесі қаралды
"Nur Otan" партиясы Төлеби аудандық сайлауалды штабының ұйымдастыруымен ҚР парламент мәжіліс депутаттығына үміткер Ертаев Сырым Маханбетұлы және Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қ.Қансеитов, Н.Амангелдиева, Д.Мұсаев, Ә.Катаев, Қ.Умаровалар "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Алатау ауылдық огругің тұрғындарымен «Қайнар» клубында кездесті.

Коронавирустық пандемия жағдайында нарықты азық-түлік тауарларымен тұрақты түрде қамтамасыз ету мәсесі ерекше және өзекті болып отыр. Ауданның ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтауға ғана емес, сондай-ақ жаңа экспорттық тауарларды іздеуге де күш-жігер біріктіріліп, келісілген іс-қимыл жасалатын болады.
Өңірде инвестицияларды тиімді салу, көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларынан барынша пайда алу, жаңа озық технологияларды енгізу, өндірісті қазіргі заманғы жабдықтармен және өнімділігі жоғары техникамен әртараптандыру және жарақтандыру есебінен дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету үшін ауданның артықшылықтары мен әлеуетін пайдаланатын боламыз – деп сөздерін аяқтады үміткерлер.
Сонымен қатар «Nur Otan» партиясының атқарып жатқан ауқымды жұмыстарын баяндап, алдағы бес жылдыққа негізделген сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Тағыда тұрғындарды алаңдатқан сауалдарына жауап беріп, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының баспасөз қызметі.
