Әлеуметтік желілерде "Jas Otan" ЖҚ " Денсаулық - зор байлық" атты патриоттық акциясын қолдады
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда.
Осыған орай "Nur Otan" партиясы Төлеби аудандық сайлауалды штабының және "Jas Otan" ЖҚ жанынан құрылған белсенділердің ұйымдастыруымен "Денсаулық - зор байлық" атты патриоттық акциясы Жастар ресурстық орталығында өтті. "Jas Otan" белсенділері "Денсаулық зор байлық" тақырыбында бейнероликтер дайындап, оларды Facebook және Instagram парақшаларына таратылды.
