Мазмұнға өту

Жаңа

Ардагерлермен кездесіп сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын таныстырып өтті.

Бүгін аудандық мәдениет үйінде облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Сәрсенбай Нұрпейіс Мизанбайұлы, Серікова Гүлшат Қошаханқызы, Меңдібаев Абзал Меңдібайұлы  аудан тұрғындарымен, ардагерлермен кездесіп сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын таныстырып өтті.  Әр үміткер өзінің алдағы нақты жоспарларын көпшіліктің назарына ұсына отырып, халық тарапынан түскен ұсыныс пікірлерге, көкейтесті мәселелерді ортаға салып,  жауап беріп отырды. Жиын барысында көптеген өзекті мәселелер талқыланды. Кандидаттар, халықтың әлеуетін көтеру жолында жұмыстана беретіндіктерін жеткізді.

Кездесу соңында ауыл ақсақалдары депутаттардың алдағы жоспарлы жұмыстарына сәттілік, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып, қызметтерін ары қарай жандандыра беруге  тілек білдірді.

0
0
209

Аудандық балалар өнер мектебінде аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар

Аудандық балалар өнер мектебінде аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Сәуле Бусаханова, Рима Бердиева, Жұлдыз Байтұрғанова және Жаннат Қуатбаеваның білім саласы өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесуде кандидаттар өздерінің жоспарларымен бөлісіп ойларын ортаға салды.

0
0
145

Онды ауылының тұрғындарымен канвассинг кездесу өткізді.

Бүгін "Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалының сайлауалды штабының мүшелері, облыстық,аудандық мәслихатына кандидаттар  Онды ауылының тұрғындарымен канвассинг кездесу өткізді.

0
0
153

"Мейірбике" бастауыш партия ұйымы мүшелерімен ZOOM платформасында онлайн кездесу өткізді.

"Nur Otan" партиясы Маңғыстау филиалының сайлауалды штабының мүшелері "Мейірбике" бастауыш партия ұйымы мүшелерімен ZOOM платформасында онлайн кездесу өткізді.

0
0
124

«Nur Otan» партиясы еліміздегі басты саяси күшке айналды.

Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай «Nur Otan» партиясы еліміздегі басты саяси күшке айналды. Осы жылдары партия ішкі тұрақтылықтың тірегі болып, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай жұмыс істеп келеді.»

Осы орайда бүгін партияның сенімді өкілдері «Есіктен есікке» акциясы аясында  тұрғындармен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді. Партия үшін қарапайым халықтың мүддесі ең бірінші орында тұрады. Халықтың мәселесін шешу жолында ұсыныстар қабылдап, әрекет етуге дайынбыз.

«Самар ауылдық округінің поштасы» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен үгіт кездесуі

«Nur Otan» партиясының Абай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттар, аудандық сайлауалды штабының мүшелері және сенімді өкілдері Самарка ауылының мәдениет үйінде «Самар ауылдық округінің поштасы» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен үгіт кездесуін өткізді.

Тұрақты экономикалық даму және халықтың тұрмыс деңгейін арттыру «Nur Otan» партиясының бағдары болып табылады. Ауданды дамытудың 7 басымдығы партияның Абай ауданы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасында көрсетілген.

Мәселен, 2025 жылға дейін Самар ауылдық округінде егіс алқаптарын 4,7 мың гектарға дейін кеңейту және картоптың, көкөністер мен астықтың шығымдылығы мен жалпы жиналымын ұлғайту жоспарлануда. Экологиялық жағдайды жақсарту үшін көгалдандыру алаңдары ұлғайтылып, Сарепта-Самарка-Есенгелді қатты тұрмыстық қалдықтарына арналған полигон салынатын болады. Бұқаралық спортты дамыту үшін Самарка ауылында жасанды жабыны бар спорт алаңы салынады.

Қорытындылай келе, кандидаттар кездесуге қатысушыларды 10 қаңтарда сайлау учаскелеріне келуге шақырды.

Кездесу соңында кандидаттар қатысушыларды 2021 жылғы 10 қаңтарда сайлау учаскелеріне келіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

Кандидаты в депутаты Абайского районного маслихата, члены районного предвыборного штаба и доверенные лица партии «Nur Otan» провели агитационную встречу с членами первичной партийной организации «Почта Самарского сельского округа» в Доме культуры с. Самарка.

Ориентиром партии «Nur Otan» являются устойчивое экономическое развитие и повышение уровня жизни населения. 7 приоритетов развития района отражены в Предвыборной программе партии по Абайскому району на 2021-2025 годы.

Так, до 2025 года планируется расширение посевных площадей до 4,7 тыс. га в Самарском сельском округе и увеличение урожайности и валового сбора картофеля, овощей и зерна. Для улучшения экологической ситуации будут увеличены площади озеленения и построенполигон для твердых бытовых отходов Сарепта-Самарка-Есенгельды. Для развития массового спорта будет построена спортивная площадка с искусственным покрытием в с.Самарка.

В завершение встречи кандидаты призвали участников встречи прийти на избирательные участки 10 января 2021 года и отдать свой голос за партию «Nur Otan».

Преодолев испытания, победим вместе!

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
211

Бүгінде ұлтымыздың өнері мен мәдениетін рухын асқақтатар талантты жас ұрпақтар қатары көбеюде.

Бүгінде ұлтымыздың өнері мен мәдениетін рухын асқақтатар талантты да талапты жас ұрпақтар қатары көбеюде. «Жас келсе, іске» демекші қажыр-қайраттың барында ел дамуына жастар талмай еңбек ету қажет. Өңірдің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып, ауыл жастарының қоғам дамуына атсалысуына ынталандыру жолында жұмыс жасап жүрген жастарымыз жетерлік. Соның бірі ауданымыздың тумасы – Тұрсынбаев Мархабат Әділбекұлы. Ол 1997 жылы 19 қараша күні, Шетпе селосында дүниеге келді. 2004 жылы А.Меңдалыұлы атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, 2013 жылы аяқтады. Сол жылы Маңғыстау техникалық колледжінің «Автомобильге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2018 жылы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің инспекторы қызметін атқарып, ауданның қоғамдық шараларында бой көрсетті. Сондай білікті қызметтің нәтижесінде қазіргі таңда аудан жастарына, өскелең ұрпаққа бағыт бағдар көретіп, аудандық жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы қызметін абыройлы атқарып келеді.

Жастар арасындағы мәселелерді шешуде, оларды жарқын болашаққа жетелеуде өскелең ұрпаққа үлгі көрсетіп жүрген Мархабат тындырымды істер атқарып жүр.

0
0
178

Ауданымыздан түлеп ұшып,жетістік жолында жүрген жастарымыздың қатарында Ещанов Ерболат Мырзагелдіұлы

Ауданымыздан түлеп ұшып, жетістік жолында жүрген жастарымыздың қатарында Ещанов Ерболат Мырзагелдіұлының  өзіндік орны бар. Ол 1990 жылы Тұщыбек ауылында дүниеге келген. 1998 жылы С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернатының табалдырығын аттаған. 2009 жылы Шетпе лицейін бітіріп, 2009-2013 жылдары Алматы қаласындағы Каспий қоғамдық университетін «Геология және пайдалы қазбалар кен орнын игеру» мамандығы бойынша бітірген.

Алғаш еңбек жолын 2013 жылы «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының «Геология» департаментінен бастаған. Қазіргі таңда «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасының №1 мұнай және газ өндірістік кешенінде «геолог» қызметін атқарады. Ерболат Мырзагелдіұлы қызметпен қатар қоғамдық жұмыстарды да қатар алып жүрген білікті жас маман. «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасындағы жас мамандар кеңесінің төрағасы.

Жауапты қызметімен қоса түрлі қоғамдық шараларда бой көрсетіп жүрген Ерболаттың жетістіктері жетіп артылады. 2015 жылы Маңғыстау ауданының, 2017 жылы Ақтау қаласының Жастар сыйлығының «Жас мұнайшы» номинациясын иеленсе, 2019 жылы Маңғыстау облысының «Жас тұлпар» жастар сыйлығының «Өндірістің ең үздік жас маманы» атанған.

Аудан, облыс әкімінің, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының, «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы басқарма басшысының Алғыс хатымен, «Құрмет» грамотасымен марапатталған және «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының «Үздік жас ерікті» номинациясының иегері. Жас ғұмыры жетістікке толы жас маман бүгінде екі баланың әкесі, тату-тәтті отбасының тірегі.

0
0
389

Асқар Жұмашұлы мен Бітімхан Сейтқалиұлы ауданымызда тұрғындармен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

"Nur Otan" партиясы аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Асқар Жұмашұлы мен Бітімхан Сейтқалиұлы ауданымызда уй- ұйлерге барып, тұрғындармен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Тұрғындармен көзбе-көз тілдесе отыра, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырып, алға қойған жоспарларымен бөлісті.

1
0
152