Билеуші партия өкілдері қоғам белсенділерімен, саясаттанушылармен, сарапшылармен, шағын және орта бизнес пен зиялы қауым өкілдерімен, сондай-ақ жас стартапшылармен, ІТ мамандармен, блогерлермен және вайнерлермен бірқатар кездесулер өткізді.«Nur Otan» партиясы Елбасының 5 институционалды реформасы мен Президент ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында барлық жерде азаматтық бақылауды енгізуге, ең алдымен мұның бюджеттің жұмсалуы бойынша қолданылуына ықпал етеді. Біз қоғамдық сараптама мен онлайн-петицияға заңды мәртебе береміз, заңнамалық деңгейде ауыл әкімдерінің тікелей сайлануын енгізіп, барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беруге міндеттілігін қамтамасыз етеміз», - деді Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Б.Байбек.Оның айтуынша, «Nur…