Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бүгінде ұлтымыздың өнері мен мәдениетін рухын асқақтатар талантты жас ұрпақтар қатары көбеюде.

Бүгінде ұлтымыздың өнері мен мәдениетін рухын асқақтатар талантты да талапты жас ұрпақтар қатары көбеюде. «Жас келсе, іске» демекші қажыр-қайраттың барында ел дамуына жастар талмай еңбек ету қажет. Өңірдің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып, ауыл жастарының қоғам дамуына атсалысуына ынталандыру жолында жұмыс жасап жүрген жастарымыз жетерлік. Соның бірі ауданымыздың тумасы – Тұрсынбаев Мархабат Әділбекұлы. Ол 1997 жылы 19 қараша күні, Шетпе селосында дүниеге келді. 2004 жылы А.Меңдалыұлы атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, 2013 жылы аяқтады. Сол жылы Маңғыстау техникалық колледжінің «Автомобильге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2018 жылы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің инспекторы қызметін атқарып, ауданның қоғамдық шараларында бой көрсетті. Сондай білікті қызметтің нәтижесінде қазіргі таңда аудан жастарына, өскелең ұрпаққа бағыт бағдар көретіп, аудандық жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы қызметін абыройлы атқарып келеді.

Жастар арасындағы мәселелерді шешуде, оларды жарқын болашаққа жетелеуде өскелең ұрпаққа үлгі көрсетіп жүрген Мархабат тындырымды істер атқарып жүр.

0
0
146

Осы тақырып бойынша

Бүгінде ұлтымыздың өнері мен мәдениетін рухын асқақтатар талантты жас ұрпақтар қатары көбеюде. - Yvision.kz