Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ауданымыздан түлеп ұшып,жетістік жолында жүрген жастарымыздың қатарында Ещанов Ерболат Мырзагелдіұлы

Ауданымыздан түлеп ұшып, жетістік жолында жүрген жастарымыздың қатарында Ещанов Ерболат Мырзагелдіұлының өзіндік орны бар. Ол 1990 жылы Тұщыбек ауылында дүниеге келген. 1998 жылы С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернатының табалдырығын аттаған. 2009 жылы Шетпе лицейін бітіріп, 2009-2013 жылдары Алматы қаласындағы Каспий қоғамдық университетін «Геология және пайдалы қазбалар кен орнын игеру» мамандығы бойынша бітірген.

Алғаш еңбек жолын 2013 жылы «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының «Геология» департаментінен бастаған. Қазіргі таңда «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасының №1 мұнай және газ өндірістік кешенінде «геолог» қызметін атқарады. Ерболат Мырзагелдіұлы қызметпен қатар қоғамдық жұмыстарды да қатар алып жүрген білікті жас маман. «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасындағы жас мамандар кеңесінің төрағасы.

Жауапты қызметімен қоса түрлі қоғамдық шараларда бой көрсетіп жүрген Ерболаттың жетістіктері жетіп артылады. 2015 жылы Маңғыстау ауданының, 2017 жылы Ақтау қаласының Жастар сыйлығының «Жас мұнайшы» номинациясын иеленсе, 2019 жылы Маңғыстау облысының «Жас тұлпар» жастар сыйлығының «Өндірістің ең үздік жас маманы» атанған.

Аудан, облыс әкімінің, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының, «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы басқарма басшысының Алғыс хатымен, «Құрмет» грамотасымен марапатталған және «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының «Үздік жас ерікті» номинациясының иегері. Жас ғұмыры жетістікке толы жас маман бүгінде екі баланың әкесі, тату-тәтті отбасының тірегі.

0
0
330

Осы тақырып бойынша

Ауданымыздан түлеп ұшып,жетістік жолында жүрген жастарымыздың қатарында Ещанов Ерболат Мырзагелдіұлы - Yvision.kz