Мазмұнға өту

Жаңа

Бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесу өтті

Бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесу өтті

Бүгін Шетпе ауылында аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Талғат Ерманов пен Амалбек Байжан «Мейірбике» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге сондай-ақ аудандық сайлауалды штаб мүшелері: Қуантқан Исаев, Тұрым Қалдығұлов, Түймеш Абдуллаева, Айбарша Ордабаева қатысты.

Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы,  Маңғыстау ауданын дамытудың 7 басым бағыты қарастырылып, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жұмыстары, бүгінгі таңда жұмыс бағытындағы оң өзгерістер айтылды. Оған қоса аудан халқының осы уақытқа дейін көтеріп келе жатқан мәселелерінің нәтижелі орындалып жатқаны сөз етілді.ындайды. Халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартады.  Нақты тоқталып өтсек: экономикалық тұрақты, жайлы, әлеуметтік бағдарланған, жастарға арналған, мәдениеті мен тарихы бай, ашық және есеп беретін жергілікті биілігі бар қауіпсіз аудан.

Маңғыстау ауданы – облыс бойынша ең көп ауылдық елдімекендердің шоғырланған нүктесі. Оған қоса тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу кәсіпорындары өндіріс көлемінің 64% құрайды. «Nur Otan» партиясы 2021 жылдан бастап 4 жыл ішінде 2000 жуық жұмыс орнын құратын 7 инвестициялық жобаны іске асыруға ықпал етпек. Сонымен қатар Минералды су шығаратын цех, көкөніс сақтайтын қойма, жылыжайлар, түйе сүтінен ұнтақ сүт жасайтын кәсіпорын, темір-бетон өнімін өндіретін зауыт, шаруа қожалықтарын жандандыру, өнімдерді өткізу бойынша жұмыстарға да өз септігін тигізеді.

7 басым бағытта кәсіпкерлерге қолдау көрсету, жолдың сапасын жақсарту, тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру, медициналық қызмет көрсету, білім беру саласының сапасын жақсарту, бұқаралық спортты дамыту т.б. мәселелері қамтылған.Кездесуде нақты атқарылатын жұмыстар легі таныстырылғаннан кейін қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылып, кандидаттарға алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық штаб мүшесі Айбарша Ордабаева: «Бізді әрбір тұрғынның өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған ортақ мақсат біріктіреді. Кез келген қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» - деп бүгінгі күннің батырлары-денсаулық сақтау саласының барша қызметкерлеріне абыройлы еңбек, отбасыларына амандық тіледі.

0
0
257

Қоғамдық қабылдау...

Қабылдау барысында кандидат "Nur Otan" партиясының Исатай ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қойылған сұрақтарына жауап берді. Мемлекеттің де «Nur Otan» партиясының да алға қойып отырған мақсаты білім және медицина саласының қызметкерлеріне қолдау көрсету болып отыр. Партияның сайлауалды бағдарламасында білім саласына қатысты көптеген жұмыстар жүзеге асырылатыны жазылған. Алдағы сайлауда ұстаздар қауымы өз таңдауын жасап, «Nur Otan» партиясына дауыс береді деп сенім білдіреміз,- деді Н.Құмарбеков.

0
0
141

«Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы Сыр өңіріне ат басын тіреді.

Өңірдегі кәсіпкер әйелдермен кездесу барысында партиямыздың таяудағы 5 жылға арналған сайлауалды бастамалары әңгіме арқауына айналды.

Бұл орайда біз Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша атқарушы, өкілді, сот органдары мен квазимемлекеттік секторда басшылықтағы әйелдердің үлесін 30%-ке дейін ұлғайтуды ниет етіп отырмыз.

Сонымен қатар Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығын құру, әйелдерді жеңілдетілген несиемен және гранттармен қамтамасыз ету секілді істер де жоспарланып жатыр.

Сондай-ақ, еліміздің өңірлері, қалалары мен аудандары бойынша жұмыспен қамту, базалық әлеуметтік қызметтер мен әр түрлі мемлекеттік қолдау шараларына қолжетімділік мәселелерін қамтитын Гендерлік қажеттіліктер картасы әзірленеді.

Жалпы, жеке бизнесін ашу үшін 50 мың азаматқа шағын несие беріледі, оның ішінде жалпы сомасы 250 млрд. теңге болатын несие 42 мың ауылдық азаматқа бағытталады.

Сапар барысында Сыр өңіріндегі Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен де кездестік. Басқосуда елдегі демократияның өрістеуіне жол ашатын жауапты азаматтық қоғамды дамыту мәселелері көтеріліп, осы бағыттағы бірқатар ойлар ортаға салынды.

Бұл ретте партиямыз «Жауапты азамат – жауапты қоғам – жауапты мемлекет» формуласы бойынша жалпыға ортақ жауапкершілік тұжырымдамасын ұсынып отыр.

Сонымен қатар «Nur Otan» елдегі өзекті мәселелерді бірлесе шешу мен мемлекетті дамыту ісіне азаматтық белсенділерді қарқынды түрде  араластыруды жоспарлауда.

Бұл жұмыстар жүйелі жүруі үшін Жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасы әзірленетін болады. Аталған құжатта ауыл әкімдерін тікелей сайлау, олардың сайлаушылар алдындағы есептілігі, «халық қатысатын» бюджетті ендіру, жергілікті салық пен төлемдер ставкаларын өзгерту құқығы, жергілікті өзін-өзі басқаруды азаматтық қадағалау және тағы да басқа да мәселелер қамтылады.

Біз елімізде саяси диалог жасау мәдениетін жүйелі түрде дамытатын боламыз. Бұл үшін «Қоғамдық бақылау туралы» Заң қабылдау жоспарлануда. Бұл заңда қоғамдық сараптама жүргізу мен бақылау тәртібі, азаматтық бастамалар мен онлайн-петицияларға жол ашу секілді тетіктер көзделеді.

Сондай-ақ, партия азаматтық қоғаммен бірлесе отырып, экологиялық мәселелерді шешу, табиғатқа аялай қарау мәдениетін күшейту жайына жіті мән беріп, маңызды міндеттерінің бірі ретінде басымдық беріп отыр.

Жалпы, өңір халқымен кездесуде ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсету, аграрлық саланы дамыту жайы да көтеріліп, жан-жақты талқыланды.

Осы жәйттер ескеріле отырып, «Nur Otan»-ның өңірлік сайлауалды бағдарламасы аясында 20-дан астам елді мекеннің 7 мыңдай тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, жаңадан 27 денсаулық сақтау нысанын салу, облыста 67 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Өңірдің тұрмыс-тіршілігінде ерекше маңызы бар Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау жобасын іске асыру да ары қарай өз жалғасын табады.

Қашанда елдіктің ұйытқысы болып, әлеумет қамын күйттеген ауқымды жобаларды атқарып жүрген нақты істер партиясы - «Nur Otan»-ға дауыс беріңіз!

0
0
192

Қоғамдық қабылдау...

Қабылдау барысында кандидат "Nur Otan" партиясының алдағы 5 жылғы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Сонымен қатар, кандидат "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасында ауданның дамуына қатысты негізінен 7 бағытқа басымдық берілетінін,  соның ішінде ұстаздардың біліктілігін арттыруға, мектептердің компьютерлік техникалармен қамтамасыз етілуіне партия ықпал ететін болатынын айтты. Сондықтан тұрғындарды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
188