Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесу өтті

Бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесу өтті

Бүгін Шетпе ауылында аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Талғат Ерманов пен Амалбек Байжан «Мейірбике» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге сондай-ақ аудандық сайлауалды штаб мүшелері: Қуантқан Исаев, Тұрым Қалдығұлов, Түймеш Абдуллаева, Айбарша Ордабаева қатысты.

Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы, Маңғыстау ауданын дамытудың 7 басым бағыты қарастырылып, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жұмыстары, бүгінгі таңда жұмыс бағытындағы оң өзгерістер айтылды. Оған қоса аудан халқының осы уақытқа дейін көтеріп келе жатқан мәселелерінің нәтижелі орындалып жатқаны сөз етілді.ындайды. Халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартады. Нақты тоқталып өтсек: экономикалық тұрақты, жайлы, әлеуметтік бағдарланған, жастарға арналған, мәдениеті мен тарихы бай, ашық және есеп беретін жергілікті биілігі бар қауіпсіз аудан.

Маңғыстау ауданы – облыс бойынша ең көп ауылдық елдімекендердің шоғырланған нүктесі. Оған қоса тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу кәсіпорындары өндіріс көлемінің 64% құрайды. «Nur Otan» партиясы 2021 жылдан бастап 4 жыл ішінде 2000 жуық жұмыс орнын құратын 7 инвестициялық жобаны іске асыруға ықпал етпек. Сонымен қатар Минералды су шығаратын цех, көкөніс сақтайтын қойма, жылыжайлар, түйе сүтінен ұнтақ сүт жасайтын кәсіпорын, темір-бетон өнімін өндіретін зауыт, шаруа қожалықтарын жандандыру, өнімдерді өткізу бойынша жұмыстарға да өз септігін тигізеді.

7 басым бағытта кәсіпкерлерге қолдау көрсету, жолдың сапасын жақсарту, тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру, медициналық қызмет көрсету, білім беру саласының сапасын жақсарту, бұқаралық спортты дамыту т.б. мәселелері қамтылған.Кездесуде нақты атқарылатын жұмыстар легі таныстырылғаннан кейін қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылып, кандидаттарға алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық штаб мүшесі Айбарша Ордабаева: «Бізді әрбір тұрғынның өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған ортақ мақсат біріктіреді. Кез келген қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» - деп бүгінгі күннің батырлары-денсаулық сақтау саласының барша қызметкерлеріне абыройлы еңбек, отбасыларына амандық тіледі.

0
0
210

Осы тақырып бойынша