Жаңа
"Nur Otan"партиясы Маңғыстау аудандық филиалында партияның аудандық сайлауалды штабының ашылуы болды
Өмірзақ ауылы тұрғындарымен кездестік.
Қоғамдық қабылдау...
Қабылдау барысында кандидат "Nur Otan" партиясының Исатай ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қойылған сұрақтарына жауап берді. Мемлекеттің де «Nur Otan» партиясының да алға қойып отырған мақсаты білім және медицина саласының қызметкерлеріне қолдау көрсету болып отыр. Партияның сайлауалды бағдарламасында білім саласына қатысты көптеген жұмыстар жүзеге асырылатыны жазылған. Алдағы сайлауда ұстаздар қауымы өз таңдауын жасап, «Nur Otan» партиясына дауыс береді деп сенім білдіреміз,- деді Н.Құмарбеков.


"Nur Otan"партиясы Маңғыстау аудандық филиалында партияның аудандық сайлауалды штабының ашылуы болды
Бүгін "Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалында партияның аудандық сайлауалды штабының ашылуы болды.
«Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы Сыр өңіріне ат басын тіреді.
Өңірдегі кәсіпкер әйелдермен кездесу барысында партиямыздың таяудағы 5 жылға арналған сайлауалды бастамалары әңгіме арқауына айналды.Бұл орайда біз Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша атқарушы, өкілді, сот органдары мен квазимемлекеттік секторда басшылықтағы әйелдердің үлесін 30%-ке дейін ұлғайтуды ниет етіп отырмыз.Сонымен қатар Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығын құру, әйелдерді жеңілдетілген несиемен және гранттармен қамтамасыз ету секілді істер де жоспарланып жатыр.Сондай-ақ, еліміздің өңірлері, қалалары мен аудандары бойынша жұмыспен қамту, базалық әлеуметтік қызметтер мен әр түрлі мемлекеттік қолдау шараларына қолжетімділік мәселелерін қамтитын Гендерлік қажеттіліктер картасы әзірленеді.Жалпы, жеке бизнесін ашу үшін 50 мың азаматқа шағын несие беріледі…
Қоғамдық қабылдау...
Қабылдау барысында кандидат "Nur Otan" партиясының алдағы 5 жылғы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Сонымен қатар, кандидат "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасында ауданның дамуына қатысты негізінен 7 бағытқа басымдық берілетінін, соның ішінде ұстаздардың біліктілігін арттыруға, мектептердің компьютерлік техникалармен қамтамасыз етілуіне партия ықпал ететін болатынын айтты. Сондықтан тұрғындарды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Маңғыстау ауд-қ мәслихат депут-на кандидат Төрекенов Бердімұрат Білімұлы
Ардагерлермен кездесіп сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын таныстырып өтті.
Бүгін аудандық мәдениет үйінде облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Сәрсенбай Нұрпейіс Мизанбайұлы, Серікова Гүлшат Қошаханқызы, Меңдібаев Абзал Меңдібайұлы аудан тұрғындарымен, ардагерлермен кездесіп сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын таныстырып өтті. Әр үміткер өзінің алдағы нақты жоспарларын көпшіліктің назарына ұсына отырып, халық тарапынан түскен ұсыныс пікірлерге, көкейтесті мәселелерді ортаға салып, жауап беріп отырды. Жиын барысында көптеген өзекті мәселелер талқыланды. Кандидаттар, халықтың әлеуетін көтеру жолында жұмыстана беретіндіктерін жеткізді.
Кездесу соңында ауыл ақсақалдары депутаттардың алдағы жоспарлы жұмыстарына сәттілік, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып, қызметтерін ары қарай жандандыра беруге тілек білдірді.
Аудандық балалар өнер мектебінде аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар
Аудандық балалар өнер мектебінде аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Сәуле Бусаханова, Рима Бердиева, Жұлдыз Байтұрғанова және Жаннат Қуатбаеваның білім саласы өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесуде кандидаттар өздерінің жоспарларымен бөлісіп ойларын ортаға салды.