Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы

Бүгін «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы Маңғыстау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының басшысы С.Бусахановамен онлайн кездесу өтті. Кездесуде Сәуле Төрткүлбайқызы Маңғыстау ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына ағымдағы жылы 2695 адам келіп жүгініп, оның ішінде тұрақты жұмысқа 858 адам қабылданғанын айтты. Ауданымызда жұмыссыздықты болдырмау мақсатында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралардың атқарылып жатқандығы туралы баяндады. Сондай-ақ ақылы қоғамдық жұмысқа 450 адам, Әлеуметтік жұмыс орнына 95 адам қамтылды. Жастар практикасы бойынша 226 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. 85 адамға қайтарымсыз 555600 теңге грант берілді. Сонмен қатар 60 адам қысқа мерзімді курстарға қатыстырылған.

0
0
112

Осы тақырып бойынша

«Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы - Yvision.kz