Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мүмкіндігі шектеулі жандар туралы сөз бола қалса,ең алдымен көз алдымызға өмірден түңілген адам

Мүмкіндігі шектеулі жандар туралы сөз бола қалса, ең алдымен көз алдымызға өмірден түңілген адамның елестейтіні рас. Алайда, он екі мүшесі сау адамнан гөрі, жарымжан кісілердің өмірге құштарлығы аса жоғары екенін біле бермейміз. Тұрмыс тауқыметін тартып, тағдырындағы қиындықтарға қарамастан салауатты өмір салтын белсенді ұстанып, басқаларға шыдамдылық пен төзімділіктің үлгісін көрсетіп жүрген адамдарға қашанда сый-құрмет көрсетілетіні анық.

Мүгедектер күні мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәселелеріне көңіл бөлуге арналған. Бұл атаулы күн көмек пен қолдауға зәру адамдардың өміріне бейжай қарамайтындардың барлығын, олардың ерлігіне, табандылығына, таланты мен ерекше қабілеттеріне бас иетіндерді бір арнаға біріктіреді. Бүгінгі қоғамда мүгедектерге қатысты адамгершілікті қолдай отырып, күнделікті өзекті мәселелерін шешуге тиісінше назар аудару жолға қойылып келеді. Осылайша мейірімділік пен қамқорлық сезімін көрсету игі дәстүрге айналады деген сенімдеміз. Сонымен бірге әрқайсымыздың бұл іске қайырымдылық пен адамгершілік тұрғыда үлес қосу, қамкөңіл жанына желеу, көңіліне медеу болу азаматтық парызымыз.

Айналасындағылардың ықыласына бөленгенді жаны сүйетін, сәлемдесіп, көңіл аударғанның өзін үлкен мәртебе санайтын мүмкіндігі шектеулі жандарға тағдыр сынағына мойымай, кеудесінде жалындаған жігерлері өмір сүруге деген белсенділігі өте жоғары. Мүмкіндігі шектеулі жандардың түрлі сала бойынша ерекше қабілет иесі атанатындай шексіз мүмкіндіктері болатынын дәлелдеген жандардың өмірі – өзгелерге өнеге болмақ.

0
0
138

Осы тақырып бойынша

Мүмкіндігі шектеулі жандар туралы сөз бола қалса,ең алдымен көз алдымызға өмірден түңілген адам - Yvision.kz