Қоғамдық қабылдау
Ұлан аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Меирманова Маржан Бокаевна Герасимовка ауылының тұрғындары мен кездесіп азаматтармен жеке қабылдау өткізді.
Ұлан аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Меирманова Маржан Бокаевна Герасимовка ауылының тұрғындары мен кездесіп азаматтармен жеке қабылдау өткізді.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі кез келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Сыбайлас жемқорлық еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму үдерісі мен нарықтық экономиканың құрылуын тежейді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша еліміз бойынша түрлі бағытта шаралар ұйымдастырылуда.Бүгін Zoom платформасында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - еліміздің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында аудан жастарының қатысуымен пікірсайыс өтті. Қашықтан өткізілген шараға ауданның белсенді жастары қатыса отырып, аталған мәселе бойынша түрлі бағытта ойларын ортаға салып, пайымды пікірлерін білдірді. Мұндай шаралардың көптеп ұйымдастырылуы өскелең ұрпақ үшін орны ерекше, әрі пайдалы болмақ. Қашықтан өткізілген пікірсайысқа қатысушы жастар жоғары белсенділік көрсетті. Бұл қуантарлық жағдай, олар осы…
Коммуналдық жүйелерді дамыту және жаңғыртуды қаржыландыру қағидаттары бойынша басты міндет қызметтерге қойылатын баға, яғни тариф саясаты маңызды болып табылады. Осыған орай бүгін тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық саласының өзекті мәселелеріне арналған онлайн форматта жиын өтті. Бұған «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалы жанынан құрылған партиялық бақылау комиссиясы, қызмет көрсету мекемелерінің басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Мамандар өздеріне қарасты мекеменің халыққа қызмет көрсету сапасы, көрсеткіші, тарифі туралы баяндады. "КазТрансГазАймақ" АҚ МГШФ мекемесінің бас маманы М.Далмағанбетов негізгі қызмет түрлері бойынша тарифтердің шекті деңгейін айтып талқыласа, "Маңғыстау жылу, су" МКК басшысының құқықтық мәселе жөніндегі орынбасары Р.Дұрысбаев қатты тұрмыстық қалдықта…
Шетпе селосы әкімінің орынбасары А.Ордабаев «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында аудан тұрғындарымен кездесті. Ауылды абаттандыру, көркейту, көгалдандыру жұмыстары және «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.Биыл Шетпе селосынан ашылғалы жатқан саябақ пен «Арбат» құрылысы жөнінде толыққанды айтып өтті. Тұрғындар сұрақтарына жауап берді.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалының мәжіліс залында ауданның түрлі саласы бойынша қызмет жасап жатқан жастарға партия билетін табыстау шарасы өтті. «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ордабаева аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Айнұр Қосназарова, Мәдина Сәрсенбайқызы, және Фаризат Әкімоваға салтанатты түрде партиялық билетін табыстады. Сан салада еңбек етіп, биіктен көрініп жүргендер өз жетістіктерін жетекші партияның жүргізіп отырған саясатымен байланыстырды.Сондай-ақ шара барысында аудандық ауылшаруашылығы бөлімінде жұмыс жасап жатырған Қолғанат Нысанбаев, Наурызгүл Әбіш сынды жас мамандар партияның мүшелігіне қабылданды.аудандық партия төрағасының бірінші орынбасары А.Ордабаева партия билетін алған жә…
Бүгінде, ел аумағында мәслихат сайлауының үгіт-насихат кезеңі канвассинг форматында жалғасып жатыр. Осы орайда аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Н.Қойбағаров, Н. Клушев пен Х.Аширбеков Төлеби ауданының құрметті азаматы Ақтаев Сейітхан ағамызбен кездесті.Кездесу барысында ағамыз өзінің тәжірибесімен бөлісіп, өткен тарихқа үңілді. Ел келешегі үшін атқарылып жатқан игі істерге сәттілік тілеп, жеңіс биігінен көрінуге қолдау білдірді.Білім беру саласы өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне қаншалықты маңызды...? Әрине бұл сауал көпшілікті, әсіресе ұл-қыз өсіріп отырған ата-ана мен немере тәрбиелеген ата-әжені қатты алаңдатады. Ұлттың дамуының қайнар көзі білімді, саналы тәрбиелі ұрпақ екенін жақсы білеміз. Өз өмірін осы салаға толық арнаған Ақтаев Сейітхан ағамыз зейнет жасында болсад…