"Қарты бар үйдің - қазынасы бар"
Бүгін Төлеби ауданы Диханкөл ауылының тұрғыны Айдос Ауғанбаев ақсақалдың шаңырағына «Nur Otan партиясы» атынан Түркістан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер А.Амиралиев және аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Б.Тұрлыбеков барды.

Канвасинг форматында өткен әңгімелесу барысында талайға ісімен үлгі болған ақсақалмен жүзбе-жүз кездесіп, жетекші партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Халық үшін қызмет істейтін партияның басты көздегені әрбір азаматтың өмір сүру сапасын арттыру, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, ауыл-аймақтың гүлденуіне ат салысу. Жетпістің асуынан асқан Айдос ақсақал партияның бастамалары әрдайым елге шарапатын тигізіп келе жатқанын айтып, алдағы уақытта да жамағаттың алғысын арқалайтынына сенім білдірді.
Әсерлі әңгімелесу кезінде қоғам белсендісі ауылдың жағдайы жақсарып келе жатқанын, әйтсе де бірқатар қиындықтардың барын жеткізді. Диханкөлдіктерді мазалайтын мәселенің бірі – ауызсу проблемасы. Мұнда Кеңес Одағы заманында тартылған су құбырларының бүгінде әбден тозығы жеткен. Салдарынан барлық тұрғындарға тіршілік нәрі су жетпейтін көрінеді. Бұл уақытша қиындық. Алдағы уақытта ауыл тұрғындары сапалы ауызсуға қолжеткізетін болады. Себебі бұл мақсатқа аудандық бюджеттен 500 миллион теңге қарастырылған. Қаражаттың жарты мөлшері келесі жылы, ал жартысы 2022 жылы игерілетін болады. Ауызсудан бөлек қария ауылдағы көшелердің де жайын баяндады. Көпті көрген ардагердің екі көшені асфальттау қажеттігі туралы ұсынысын кандидаттар жазып алды. Әрдайым халықпен бірге жасап келе жатқан «Нұр Отан» партиясы тұрғындардың игілігі үшін инфрақұрылым жұмыстарына баса назар аударып келеді. Бүгінге дейін елімізде қаншама ауыл-аймақтар партияның қатысуымен сапалы ауыз суға, электр жарығына, көгілдір отынға қол жеткізіп, ойдым жолдар жөнделгенін айта кетейік.
Үміткерлерге ақ батасын беріп шығарып салған ақсақал әрқашан «Нұр Отанмен» бірге екенін айтып, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлау науқанында халық әділ таңдау жасайтынын жеткізді.
