Мазмұнға өту

Жаңа

«Есіктен есікке» науқаны аясында үгіт-насихат кездесуі өтті

Бүгін «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Зачаганск кенттік округінде орналасқан Жәңгірхан көшесінің (№57,53,55,56,59,61 үйлер) және «Аул ученых» шағынауданының тұрғындарына арналған «Есіктен есікке» науқаны аясында үгіт-насихат кездесуі өтті. Кездесуге осы аумақта тұратын аға- буын өкілдері, зейнеткерлер, білім саласындағы еңбек ардагерлері, БҚАТУ оқытушылары қатысты. Кездесу барысында олар  өзекті және проблемалық мәселелерді көтерді.

******                                                                                                             Сегодня прошла акция «От двери к двери» подомовая агитационная  встреча для жителей поселкового округа Зачаганск по улице Жангирхана (дом №57,53,55,56,59,61) и микрорайона  «Аул ученых» для разьяснения предвыборной программы партии «Nur Otan». Принимали участие люди старшего поколения, пенсионеры, ветераны труда в сфере образования,  преподаватели ЗКАТУ проживающие на данной территории. В ходе встречи они подняли актуальные и проблемные вопросы.

0
0
202

Кандидаттар "Шапағат" медалының иегері Алтынай Искалиевамен кездесті

«Nur Otan» партиясы  өз құндылықтарының бірі және дәстүрді сақтаудың басты  институты - Отбасы деп біледі.Дәстүрлі отбасы құндылықтарын нығайту арқылы мемлекеттілікті нығайтудың негізгі факторы ретінде қарастырады.

Осындай отбасылық құндылықтарды сақтаудағы өз миссиясын қоғамдық жұмыстан көретін қаламызда тұлғалар баршылық.

№8 округ бойынша тұратын «Ақ отау» Отбасы орталығы» қоғамдық бірлестікті көптеген жылдары бойы жүргізіп келе жатырған

"Шапағат" медалының иегері Алтынай Галимовна Искалиеваны білмейтін адам аз шығар.

Канвассинг форматындағы кездесуде менімен бірге облыстық маслихатқа кандидат Алия Утемисовна Салиева болып, аналар, қыз-келіншек өз отбасына деген жауапкершіліктеріндей алдағы сайлауда да білдіру қажеттігіне тоқталды.

Алтынай Галимовна қоғам белсендісі ретінде негізгі міндетін-өз Отаныңды сүю деп санайды.Балалар-еліміздің болашағы, сондықтан да олар толыққанды, тату-тәтті отбасында өмір сүріп, өз елінің патриоты болу қажет.

Отбасыларға білікті көмек беру үшін 2018 жылы кәсіби медиатор сертификатын да иеленген.Облыстың қоғамдық кеңесінің мүшесі,аналар Кеңесінің мүшесі бола отыра,адамдарға көмектесу арқылы қоғамға өзіндік үлесін қосып келе жатырған белсенді ана,отбасы жанашыры.

0
0
215

Приозерск қалалық сайлауалды штабынның қоғамдық қабылдау жүргізуі.

2020 жылдың 22 желтоқсанында "Nur Otan" партиясының Приозерск қалалық филиалында Приозерск қалалық маслихатының депутаттығына үміткер Сатыбалдин Бахтияр Сакенұлы қалалық сайлауалды штабында қоғамдық қабылдау жүргізді.

Қоғамдық қабылдауға қаламыздың 4 тұрғыны, сонымен қатар партияның сенімді өкілі қатысты.

Қоғамдық қабылдау барысында “Nur Oran” партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес  тұрғын-үй мәселелері және орта кәсіпкерлікті дамыту сонымен қатар қаланының дамуына жоспарланған іс-шаралары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Баршаңызды еліміздегі жетекші партия – «NUR OTAN» партиясына 2021 жылы 10 қаңтар күні дауыс беруге шақырамыз.

БІЗ ҚИЫНДЫҚТЫ ЕҢСЕРІП, ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ ЖЕТЕМІЗ!

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
209

Жыңғылды ауылында ауыл шаруашылығы көшбасшыларымен дөңгелек үстел өтті.

Жыңғылды ауылында ауыл шаруашылығы көшбасшыларымен дөңгелек үстел өтті. Кездесуде шаруашылық өкілдері ауыл шаруашылық жөніндегі кредиттердің құжаттарын жеңілдету, мал азығын (жем, шөп) бағасын субсидия арқылы төмендетуге жұмыстану, сондай-ақ, ауыл шаруашылығын көтеру мақсатында  әр түрлі бағдарламалар  ұйымдастыру сияқты өздерінің көкейде жүрген мәселелерін алға тартып, өз ұсыныстарын жеткізді.

0
0
190

Штабтағы кездесу

Кездесу барысында "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, түсінік жұмыстары жүргізілді. Ардагерлер: - Әр сала бойынша бағдарламада қамтылған мәселелер жарты жолда қалып қоймаса екен - деген ұсыныстарын айтып, бағдарламаның орындалуына бірге атсалысатындықтарын айтты.

"Nur Otan" партиясы – Қазақстан Республикасының қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия. Ол – еліміздегі жетекші саяси күш! "Nur Otan" партиясына дауыс беріңіз!

0
0
165

"Jas Otan" жастар орталығында "Adaldyk elshileri" тақырыбында жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы

"Jas Otan" жастар орталығында "Adaldyk elshileri" тақырыбында жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу бойынша онлайн режимде акция өткізілді.  Аталған шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің зейнетке шыққан қызметкері С.Төребай қатысты. Казіргі таңда әлемді қамтыған жаһандық қауіп-қатердің бірі - сыбайлас жемқорлықпен күресу жөнінде кеңінен түсінік беріп, жастардың көкейкесті сұрақтарына жауап берді.

0
0
162

«Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғындармен кездесуі

«Nur Otan» партиясы атынан Түркістан облыстық  мәслихат депутаттығына үміткер Әсет Қайпбеков, Төлеби ауданы Кемеқалған ауылдық округі, Абай елдімекенінде «Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғындармен кездесті.

Nur Otan» партиясы отбасы институтын нығайту арқылы олардың материалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету және баспана алу үшін жағдайлар жасау бойынша шаралар кешенін қолдану қажет деп санайды. Мемлекет белсенді түрде әрбір отбасына тұрғын үй қолжетімді болуын қолдайды. Алда қыруар жұмыстар атқарылмақ. Ендеше баршаңызды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын», — деді Әсет Әбдірашұлы.

Бұдан бөлек Кемеқалған ауыл округі, Абай ауылының тұрғындарымен кездесу барысында тұрғындар елдімекеннің дамуына ұсыныс-тілектерін жеткізді. Өз кезегінде Әсет Әбдірашұлы сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, жерлестерін бірауыздан дауыс беруге шақырды.

1
0
162