Таза ауыз сумен қамтимыз
«Nur Otan» партиясы атынан Төлеби аудандық мәслихатына депутаттығына үміткерлер А.Омаров, Е.Жабаев, А.Шырынбек, Ғ.Нурмаханова, Г.Қарабаева, А.Жандарова Төлеби ауданы Кемеқалған ауылдық округі, Абай елдімекенінде «Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғындармен кездесті. Ондағы мақсат – ауыл халқына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттап, алдағы 5 жылда жүзеге асатын жоба-жоспарларды түсіндіру.

Кездесу барысында үміткерлер денсаулық сақтау, кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығы саласының өркендеуі, ауыз су, газдандыру, жол салу бағытындағы алдағы 5 жылғы жұмысты түсіндірілді.
Атап айтсақ қазіргі таңда Төлеби ауданында 55 елді мекеннің 54 елді мекені ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ауыз су жүйелерінің жалпы ұзындығы 929,9 шақырым.
Біз 2025 жылы аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы бүгінгі таңда ауыз су жүйесімен қамтылмаған:
Жаңакүш елді мекенінің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, құрылысын жүргізуге; тозығы жеткен 22 елді мекеннің ауыз су құбыры құрылыстарын қайта жаңартуға (Зертас, Керегетас, Жаңажол, Нысанбек, Бейнеткеш, Алатау а/о Көктерек су тазалау, Диханкөл, Ынтымақ, Екпінді, Қосағаш, Қорған, Шұбарағаш, Жаңатұрмыс, Біркөлік, Аққұм, Жоғарғы Қасқасу, Ақбастау, Ұйымшыл, Абай, Әңгірата, Ұзынарық, Алшалы) ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға қарай аудан тұрғындары сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз етіледі – деп ... айтты.
Акцияда тек аудан тұрғындарымен кездесіп қана қоймай, партия бағдарламасы жазылған брошюралар таратылды.
Сонымен қатар тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Ондағы негізгі басымдықтарды ерекше атап өтті. Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатын жалғастыратын, биліктің партиясы ретінде көшбасшылар арасындағы сабақтастықты орнататынын тілге тиек етіп, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, жерлестерін бірауыздан дауыс беруге шақырды.
