Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кандидаттар "Шапағат" медалының иегері Алтынай Искалиевамен кездесті

«Nur Otan» партиясы өз құндылықтарының бірі және дәстүрді сақтаудың басты институты - Отбасы деп біледі.Дәстүрлі отбасы құндылықтарын нығайту арқылы мемлекеттілікті нығайтудың негізгі факторы ретінде қарастырады.

Осындай отбасылық құндылықтарды сақтаудағы өз миссиясын қоғамдық жұмыстан көретін қаламызда тұлғалар баршылық.

№8 округ бойынша тұратын «Ақ отау» Отбасы орталығы» қоғамдық бірлестікті көптеген жылдары бойы жүргізіп келе жатырған

"Шапағат" медалының иегері Алтынай Галимовна Искалиеваны білмейтін адам аз шығар.

Канвассинг форматындағы кездесуде менімен бірге облыстық маслихатқа кандидат Алия Утемисовна Салиева болып, аналар, қыз-келіншек өз отбасына деген жауапкершіліктеріндей алдағы сайлауда да білдіру қажеттігіне тоқталды.

Алтынай Галимовна қоғам белсендісі ретінде негізгі міндетін-өз Отаныңды сүю деп санайды.Балалар-еліміздің болашағы, сондықтан да олар толыққанды, тату-тәтті отбасында өмір сүріп, өз елінің патриоты болу қажет.

Отбасыларға білікті көмек беру үшін 2018 жылы кәсіби медиатор сертификатын да иеленген.Облыстың қоғамдық кеңесінің мүшесі,аналар Кеңесінің мүшесі бола отыра,адамдарға көмектесу арқылы қоғамға өзіндік үлесін қосып келе жатырған белсенді ана,отбасы жанашыры.

0
0
181

Осы тақырып бойынша

Кандидаттар "Шапағат" медалының иегері Алтынай Искалиевамен кездесті - Yvision.kz