«Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғындармен кездесуі
«Nur Otan» партиясы атынан Түркістан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Әсет Қайпбеков, Төлеби ауданы Кемеқалған ауылдық округі, Абай елдімекенінде «Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғындармен кездесті.

Nur Otan» партиясы отбасы институтын нығайту арқылы олардың материалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету және баспана алу үшін жағдайлар жасау бойынша шаралар кешенін қолдану қажет деп санайды. Мемлекет белсенді түрде әрбір отбасына тұрғын үй қолжетімді болуын қолдайды. Алда қыруар жұмыстар атқарылмақ. Ендеше баршаңызды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын», — деді Әсет Әбдірашұлы.
Бұдан бөлек Кемеқалған ауыл округі, Абай ауылының тұрғындарымен кездесу барысында тұрғындар елдімекеннің дамуына ұсыныс-тілектерін жеткізді. Өз кезегінде Әсет Әбдірашұлы сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, жерлестерін бірауыздан дауыс беруге шақырды.
