Мазмұнға өту

Жаңа

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар келді

«Nur Otan» партиясының мүшелері Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде үлкен кездесу өткізді. Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар қатысты.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысынан ұсынған үміткерлер – Ержан Жасыбаев, Жанна Телпекбаева және Алия Абсеметова мен аудандық мәслихат депутаттығына кандидат, «Nur Otan» партиясы аудандық сайлауалды штабының төрағасы Қуат Байғоджаев жиынға қатысушыларға партияның сайлауалды бағдарламасын жан-жақты таныстырды. Бағдарламадағы әр басымдыққа жеке тоқталған спикерлер жалпы облыс көлеміндегі негізгі мәселелермен қатар біздің ауданымыздың да қазіргі жағдайы мен мол мүмкіндіктерін сөз етті.

Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жасыбаев Еңбекшіқазақ ауданынан облыстық сайлауалды бағдарламаға кіргізілген Түрген шатқалындағы қысқы демалыс аймағы жобасы жайында айтты. Сонымен қатар облыс көлеміндегі Қапшағай, Балқаш, Алакөл, Шарын шатқалы, Ұйғыр ауданындағы ыстық сулар, Табаған мен Ақбұлақ сынды біраз турситік орындарды тізбелеп тұрып, әрқайсысына жеке тоқталып, олардың қазіргі жағдайы жайлы айтты.

«Райымбек ауданында Тұздыкөл дейтін көл бар. Табиғаты керемет. Бірақ сол кереметті халыққа көрсете алмай отырмыз. Себебі оған баратын жолдар жоқ деуге болады. Міне, осы мәселені шешсек, туризмнің дамуына серпін береміз. Ал қызмет көрсету саласы ол өздігімен жолға қойылады. Оған мысал, Сатай ауылына барсаңыздар, туристер үшін қажеттінің бәрі бар деуге болады. Шағын қонақүйлер, дүкендер, даладағы отыратын орындықтар мен қоқыс жәшіктері, т.б. Мұның бәрі туризмнің дамуы үшін үлкен рольге ие», – деген Ержан Бакирбайұлы туризм саласын дамытудағы негізгі басымдықтың жолдардың жөнделуіне баса назар аудару қажеттігін де айтты. Республика, Алматы облысы және ондағы әр аудандағы жолдардың сапасына тоқталып, алдағы бес жылда жасалып, ел игілігіне берілетін жолдар жайында жиналған халыққа қысқаша ақпарат берді.

«Прогресс» политехникалық колледжінің директоры Жанна Телпекбаева партияның республикалық бағдарламасын жан-жақты таныстырып, оның ішінде білім саласына кеңінен тоқталды. «Білім саласындағы эксперименттерді тоқтатып, білімге деген құштарлықты арттырамыз, үшауысымдық мектептердің біртіндеп азайта отырып, балаларымыздың толыққанды жағдайда білім алуына бар жағдайды жасаймыз», – деді.

Әріптестерінің сөзін жалғай отырып, «Мұнда жиналған бәріміздің де мақсатымыз бір. Ол – жақсы, лайықты өмірге деген талпыныс. Біздің партиямыздың да мақсаты – әр азаматқа лайықты өмір. Ендеше, осы мақсаттың орындалу жолында бірлесе күш жұмсайық! Біздің партиямызға дауыс беріңіздер!» – деді.

Жиналысты қорытындылаған «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Қуат Байғоджаев: «10 қаңтар күні азаматтық жауапкершілік танытып, сайлауға қатысыңыздар! Өз таңдауларыңызды жасап, дауыс беріңіздер! Сіздердің де өз орталарыңызда партиямыздың үгіт-насихат жұмыстарын жасап, халықты, туытарыңыз бен жақындарыңызды сайлауға шақыратындарыңызға сенеміз», – деді.

Иә, жақсы өмірге деген талпыныс бәрімізді біріктіретіні рас. Ендеше, өзімізбен қатар қоғамның да жағдайы жақсара түсуі үшін азаматтық белсенділік танытып, партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуына себепші болайық. Сайлауға қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс берейік!

0
0
160

"Бедел" бастауыш партия ұйымы

Кездесудің басты мақсаты - “Nur Otan” партиясының  жұмыстарын насихаттау, сайлауалды бағдарлама бойынша пікірлерін айтып, сайлауда белсене қатысу;

Кездесу барысында “Nur Otan” партиясына дауыс беретіндіктеріде  айтылды.

0
0
171

Аудандық маслихат депутаттығына кандидат білім саласы қызметкерлерімен онлайн кездесу өткізді.

Аудандық маслихат депутаттығына кандидат М.Мейманханов білім саласы қызметкерлеріне үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында онлайн кездесу өткізді.

0
0
138

Перзентханадағы кездесу

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер, Түлкібас аудандық орталық аурухананың акушер-гинеколог дәрігері - Күзембаева Ақсұлу Шаменқызы перзентхана ұжымымен кездесіп, дөңгелек үстел өткізді. Өз сөзінде кандидат халықтың күнделікті өмір тіршілігі, көкейіндегі мазалаған сұрақтары, қазіргі әлемдегі пандемияға байланысты денсаулығын, амандығын ойлаған халқымның үрейі, ой-толғанысы әрқашан қолайлы шешім табуға ізденіске жетелеу  өткізілген кездесу мен сұхбатта ұжымының  күнделікті мазалаған ойлары мен туындаған мәселелер бойынша ой бөлісті! Сонымен қатар босанған әйелдермен  субхаттасып ой бөлісті, және  олардан бәрін   2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауда дауыс беруге белсене қатысуға шақырды.

0
0
104

Ауылшаруашылығы саласының өкілдерімен кездесу

2020 жыл біз үшін үлкен сынақтардың жылы болды. Коронавирустық пандемия біздің өмірімізді, басымдықтарды өзгертіп, көптеген сұрақтарға басқаша қарауға мәжбүр етті. Біз басты құндылық адамның өмірі мен денсаулығы екенін түсіндік. Қазақстан да әлемнің басқа елдері секілді ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды. Бүгінде барлық азаматтар партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде. Осы орайда, "Nur Otan" партиясы атынан облыстық, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Мұстафаева Қаншагүл,  Шағыртаев Имамзада, Мұстафаев Садық,  Бекжанов Әліби, Кенжебаев Ахан және ҚР Парламент сенат депутаты Дана Нұржігіт Өмірбайұлы және Қызылорда облыстық сайлауалды штаб мүшесі Байқадамов Наурызбай қатысуымен Жалағаш ауданының ауылшаруашылық саласының өкілдерімен кездесу өтті. Аталмыш кездесуге жиналыған сала мамандарына партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндіріліп, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауда  «Nur Otan» партиясын қолдап,  дауыс беруге үгіттеді.

0
0
177

Үкіметтік емес ұйым мүшелерімен кездесу

Бүгін «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында "Nur Otan" партиясы атынан облыстық, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Мұстафаева Қаншагүл,  Шағыртаев Имамзада, Бекжанов Әлібилердің қатысуымен сайлауалды бағдарламаны насихаттау мақсатында Жалағаш ауданының үкіметтік емес ұйым мүшелерімен кездесу өтті. Келелі кездесуге арнайы «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында сенат депутаты Дана Нұржігіт Өмірбайұлы және Қызылорда облыстық сайлауалды штаб мүшесі Байқадамов Наурызбай арнайы қатысты.  Кездесу барысында   тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін арттыру үшін «Nur Otan» партиясы алдағы 5 жыл бедерінде қажетті шараларды қолға алып, нақты қадамдар жасамақ.   Біз Сіздің сындарлы ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз» - деді үміткерлер.

Сайлаушылар тарапынан «Nur Otan» партиясының 7 басымдығына топтастырылған сайлауалды бағдарламасының әлеуметтік бағыты бойынша атқарылатын жоспарларына үлкен қызығушылық танытып, бағдарламаның көңілдерінен шыққанындарын жеткізді және де жоғары баға беріп

10 қаңтарда өтетін сайлауға бір кісідей ат салысатындарын жасырмады.

0
0
270