Мазмұнға өту

Жаңа

Ақшымырау ауылында "Есіктен есікке" акциясы аясында сенімді өкілдер қызу үгіт-насихат жұмыстарын

Ақшымырау ауылында "Есіктен есікке" акциясы аясында сенімді өкілдер қызу үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Акция барысында ауыл тұрғындарын халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасауға бағытталған 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламаның бағыттарымен таныстырды.

0
0
150

«Nur Otan» партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабы

2020 жылдың 23 – шы желтоқсаны күні «Nur Otan» партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабының мүшелері, аудандық, облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер және олардың сенімді өкілдері Егінсу ауылдық округіне қарасты Жанай ауылында барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, партияның болашақ жоспарлары талқыланды. Тұрғындар өз кезегінде ауданның дамуы жайында бірнеше ұтымды ұсыныстар айтты. Кездесу соңында тұрғындар сайлауалды штабының жұмысына сәттілік тілеп, оң бағасын берді.

26
0
185

Жамбыл облыстық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кезекті қоғамдық қабылдау өтті.

Кандидаттар М.Мұсаев, Е.Дүйсенқұл, С.Ни азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдады.

Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй және жұмыспен қамту, несие, материалдық көмек және құқықтық сауалдармен келген. Оларға Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес кеңестер берілді. Сонымен қатар, келушілерге партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, ондағы басым бағыттар, нақты атқарылатын тірліктер туралы айтылды.

#сайлау_2021

#Нұр_Отанға_Дауыс_Бер

#Biz_Birgemiz

0
0
219

"Nur Otan" партиясының Үржар аудандық сайлауалды штабы

Бүгін "Nur Otan" партиясының аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Шакеров Шалқар Құсайынғазыұлы Үржар аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдап, өтініш,ұсыныстарын тыңдап, партияның сайлауалды бағдарламасымен де таныстырып өтті..

21
0
200