Үкіметтік емес ұйым мүшелерімен кездесу
Бүгін «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында "Nur Otan" партиясы атынан облыстық, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Мұстафаева Қаншагүл, Шағыртаев Имамзада, Бекжанов Әлібилердің қатысуымен сайлауалды бағдарламаны насихаттау мақсатында Жалағаш ауданының үкіметтік емес ұйым мүшелерімен кездесу өтті. Келелі кездесуге арнайы «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында сенат депутаты Дана Нұржігіт Өмірбайұлы және Қызылорда облыстық сайлауалды штаб мүшесі Байқадамов Наурызбай арнайы қатысты. Кездесу барысында тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін арттыру үшін «Nur Otan» партиясы алдағы 5 жыл бедерінде қажетті шараларды қолға алып, нақты қадамдар жасамақ. Біз Сіздің сындарлы ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз» - деді үміткерлер.
Сайлаушылар тарапынан «Nur Otan» партиясының 7 басымдығына топтастырылған сайлауалды бағдарламасының әлеуметтік бағыты бойынша атқарылатын жоспарларына үлкен қызығушылық танытып, бағдарламаның көңілдерінен шыққанындарын жеткізді және де жоғары баға беріп
10 қаңтарда өтетін сайлауға бір кісідей ат салысатындарын жасырмады.
