Ауылшаруашылығы саласының өкілдерімен кездесу
2020 жыл біз үшін үлкен сынақтардың жылы болды. Коронавирустық пандемия біздің өмірімізді, басымдықтарды өзгертіп, көптеген сұрақтарға басқаша қарауға мәжбүр етті. Біз басты құндылық адамның өмірі мен денсаулығы екенін түсіндік. Қазақстан да әлемнің басқа елдері секілді ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды. Бүгінде барлық азаматтар партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде. Осы орайда, "Nur Otan" партиясы атынан облыстық, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Мұстафаева Қаншагүл, Шағыртаев Имамзада, Мұстафаев Садық, Бекжанов Әліби, Кенжебаев Ахан және ҚР Парламент сенат депутаты Дана Нұржігіт Өмірбайұлы және Қызылорда облыстық сайлауалды штаб мүшесі Байқадамов Наурызбай қатысуымен Жалағаш ауданының ауылшаруашылық саласының өкілдерімен кездесу өтті. Аталмыш кездесуге жиналыған сала мамандарына партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндіріліп, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге үгіттеді.
