Мазмұнға өту

Жаңа

"Әділеттік қоғамның әлеуметтік мәселелері"

22.12.20. "ZOOM" @желісі арқылы қалалық маслихатқа үміткерлер: Джаумбаев Қ.Е; Шунаева А.С. және мен Сарсембаева А.М. "Әділеттік қоғамның әлеуметтік мәселелері" - атты тақырыпта ерекше қажеттілігі бар адамдармен,  сала бойынша мамандардың қатысуымен кездесу өткіздік. Облыстық білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының жалпы және мектепке дейінгі бөлімінің әдіскері Гульнар Джулмухановаға, Атырау облыстық балалар оңалту орталығы басшысы Бибигуль Жумалиева орталық мамандарына, Махамбет ауданы көмекші мектеп интернатынан Асыл Алиева, басқа да үкіметтік емес ұйымдар өкілдеріне "Nur Otan" партиясының 17 басымдығы, Ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған бағдарламамен таныстырылып, қолдау тапты. Ұсыныстар: Мамандандырылған балабақша; ПМПК орталығы; Инклюзивті білім беру топтарын көбейту; Түзету кабинеттерін ашу. #NurOtan

0
0
177

2025 жылға дейін 70 000 отбасылық ферма құрылып, 600 000 гектар жаңа суармалы жер игеріледі

#NurOtanғаДауысБер

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#Nur_Otan_Turkistan

#NurOtanOtyrar 

#Saylau2021

https://www.facebook.com/profile.php?id=100009412289680

https://www.facebook.com/help/396404120401278/list?__cft__[0]=AZUPJXLopjMnu3zPDFBaTr2uQt1I_cOpMZzW4HcxUhmJAFruR47B2axKTk9P49zL0vW2-otA5lQh9mJVMISE44Hi9MNHl_uSHU-E7YYd31t2MOz3rafdW-7WHwS0U-1r8FeqcKstroSHCLpEfdichCvN&__tn__=H-R

0
0
138

Ауылдың гүлденуі басты назарда

«Nur Otan» партиясының тізімімен аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Раимжан Ибдиминов жаңашар ауылының тұрғындарымен, округ аумағында орналасқан «Адал» акционерлік қоғамының қызметкерлерімен кездесіп, аудандық партия филиалының сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды және сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Алдымен «Адал» компаниясының ұжымымен жүздескен Раимжан Ибдиминов ауыл шаруашылығы саласында тынымсыз еңбек етіп жүргендерге ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ, партияның бұл бағытта атқарған жұмыстарына және алдағы жоспарларына тоқталды.

– Ауыл шаруашылығы саласы – ел экономикасының негізгі тірегі. Аграрлы ауданымыздың топырағы құнарлы, шөбі шүйгін. Сондықтан, бұл бағыттағы жетістіктеріміз де ауыз толтырып айтарлықтай. Жылдан-жылға ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі ұлғайып келеді. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, аудан шаруалары 120 млрд теңгенің өнімін өндірген. Біздің өңіріміз бұдан да жоғары жетістіктерге қол жеткізуге қауқарлы. Оны іске асыру үшін «Nur Otan» партиясы алдына үлкен мақсат қойды. Партия ауыл тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Коронавирустық пандемия жағдайында нарықты азық-түлік тауарларымен тұрақты толықтыру мәселелері ерекше маңызды және өзекті болды. Ауданның  ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтауға ғана емес, сондай-ақ жаңа экспорттық тауарларды іздеуге де күш-жігер біріктіріліп, келісілген іс-қимыл жасалатын болады. Бүгінгі таңда 89,4 пайыз немесе 269 мың адам ауылдық жерлерде тұрады. Өңірде мал шаруашылығында, өсімдік шаруашылығында және өнімді қайта өңдеуде жаңа прогрессивті технологияларды енгізу есебінен жоғары технологиялық агроөнеркәсіп кешенін құру жөніндегі жұмыс жалғастырылады. «Nur Otan» партиясы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту міндетін қойып отыр. Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында цифрландыру элементтері енгізіледі. Нақтырақ айтқанда, малды чиптеу, отын шығынын өлшеу датчиктерін енгізу, тұқымдар мен тыңайтқыштарды саралап енгізу мәселелері қарастырылады, – деген Раимжан Билимұлы Алматы қаласы айналасында азық-түлік белдеуін құру мақсатында жүзеге асатын ауқымды 13 жобаны атап өтті. Ол үшін, ауылдық округтерде тамшылатып суару әдісімен өсірілетін бау-бақшалардың аумағы кеңейтіліп, жеміс-жидек, көкөніс сақтау қоймалары ашылатын болады. Сонымен қатар, ірі мал бордақылау алаңдары салынады. Табиғи жайылымдық жерлер мен шабындықтарды ұтымды пайдалану есебінен жем-шөп базасы нығайтылады. «Алқаптан сөреге дейін» жобасын іске асыру жолымен өндірілген өнімді кепілді өткізу және агро өнеркәсіп субъектілерімен форвардтық келісімшарттар жасалады. Осы және басқа да шаралар 2025 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешенде 4,5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға, еңбек өнімділігін 1,5 есеге дейін арттыруға мүмкіндік береді.

0
0
181

Алыстағы ағайыннан, жақындағы көршің артық

Келтемашат ауылдық округі Түлкібас ауданының батыс қақпасында орналасқан табиғаты тұнған керемет елді-мекендердің бірі. Ауылдық округте 6000-нан астам тұрғыны бар. Ауыл тұрғындарының басым бөлігі ата кәсіп - мал шаруашылығын кәсіп етсе, біршама бөлігі тың, туризм саласында еңбек етуде. Дәл осы ауылда елге белгілі Машат шатқалы орналасқан.

Осы ауылдың түлегі, аудандық мәслихат депутаты - Сапаров Әбдімүтәліп Мүслімұлы ауылдастардың өкпе-назын тыңдап, толғандырған мәселелерін талқылап, оларды оңтайлы шешу жолдарын қарастыруды әдетке айналдырған. Аудандық үгіт-насихат штабының мүшесі ретінде бүгін де, жақындағы ауылдастармен кездесіп, парияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып қайтты.

Ұлы даланың шекарасын айқындап, оның қазаққа тиесілі бөлігін деморкациялап, шекараны бекітіп,  ел үшін ерен еңбек сіңірген партияның жетістіктерін айта келе ұйыған қаймақтай ұйымшыл қазақстандықтардың бірлігін мысал ете отырып, кандидат партияластарды Nur Otan партиясына деген сенімін сақтап, дауыс беруге шақырды.

0
0
166

"Амангелді" атындағы балық шаруашылық мекемесінде кездесу өтті.

Қайырлы күн құрметті жерлестер!!!

Бүгін, яғни 23 желтоқсан күні "Nur Otan" партиясының Республикалық сайлауалды штабы мүшелері: Қаршыға Джауымбаев, Айгуль Амиргалиева, Насип Шалабаева және Нұржан Ермұханов бірнеше шара өткіздік.

Оның алғашқысы "Амангелді" атындағы балық шаруашылық мекемесінде өтті.

Тарихы өткен ғасырдың 1934 жылы басталған "Амангелділiктер" халыққа химиясыз таза, сапалы, 80-нен астам балық өнімдерін ұсынып отырған үлкен ұжым болғандықтан 100-ден аса мамандармен жүздесiп, сайлауалды бағдарламызды жеткізiп,  ұжымның мардымды ұсыныстын, ой-пiкiрлерiн қабыл алдық.

Фотода көріп тұрғанымыздай, таза, жарық балық өңдеу цехтарында жұмыс қайнап жатыр.

Амангелдіктер күніне 2,5 тонна дайын балық өнімін шығарады.

Жалпы мекеме бойынша бүгінгі таңда көптеген мәселелер шешілген.

Сондықтан Амангелдіктер негізінен Жайықтың тартылу, ММСтарды жаңғырту, теңізге шығатын қайыктардың қымбаттығы, балық шаруашылығына субсидиялық қолдау көрсету турасында мәселелерді көтерді.

Кездесу барысында партиямыздың "Бiз Бiргемiз" акциясы биылғы жылы карантин уақытында көптеген аз қамтылған отбасыларға нақты қолдау болғанын ризашылықпен айтып,  сайлау күні белсенділік танытатындарын жеткізді.

#nur_otan_atyrauoblysy

#nurotangorod

#nur_otan

#baibekbk

#nurlybek_zhumakhmetuly_ozhayev

#nurotan

#nurotangadauysber

#голосуйзаnurotan

#нуржан_ермуханов

0
0
178

Аудандық маслихат депутаттығына кандидат білім саласы қызметкерлерімен онлайн кездесу өткізді.

Аудандық маслихат депутаттығына кандидат А.Касеналиева білім саласы қызметкерлеріне үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында онлайн кездесу өткізді.

0
0
114