Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар келді

«Nur Otan» партиясының мүшелері Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде үлкен кездесу өткізді. Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар қатысты.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысынан ұсынған үміткерлер – Ержан Жасыбаев, Жанна Телпекбаева және Алия Абсеметова мен аудандық мәслихат депутаттығына кандидат, «Nur Otan» партиясы аудандық сайлауалды штабының төрағасы Қуат Байғоджаев жиынға қатысушыларға партияның сайлауалды бағдарламасын жан-жақты таныстырды. Бағдарламадағы әр басымдыққа жеке тоқталған спикерлер жалпы облыс көлеміндегі негізгі мәселелермен қатар біздің ауданымыздың да қазіргі жағдайы мен мол мүмкіндіктерін сөз етті.

Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жасыбаев Еңбекшіқазақ ауданынан облыстық сайлауалды бағдарламаға кіргізілген Түрген шатқалындағы қысқы демалыс аймағы жобасы жайында айтты. Сонымен қатар облыс көлеміндегі Қапшағай, Балқаш, Алакөл, Шарын шатқалы, Ұйғыр ауданындағы ыстық сулар, Табаған мен Ақбұлақ сынды біраз турситік орындарды тізбелеп тұрып, әрқайсысына жеке тоқталып, олардың қазіргі жағдайы жайлы айтты.

«Райымбек ауданында Тұздыкөл дейтін көл бар. Табиғаты керемет. Бірақ сол кереметті халыққа көрсете алмай отырмыз. Себебі оған баратын жолдар жоқ деуге болады. Міне, осы мәселені шешсек, туризмнің дамуына серпін береміз. Ал қызмет көрсету саласы ол өздігімен жолға қойылады. Оған мысал, Сатай ауылына барсаңыздар, туристер үшін қажеттінің бәрі бар деуге болады. Шағын қонақүйлер, дүкендер, даладағы отыратын орындықтар мен қоқыс жәшіктері, т.б. Мұның бәрі туризмнің дамуы үшін үлкен рольге ие», – деген Ержан Бакирбайұлы туризм саласын дамытудағы негізгі басымдықтың жолдардың жөнделуіне баса назар аудару қажеттігін де айтты. Республика, Алматы облысы және ондағы әр аудандағы жолдардың сапасына тоқталып, алдағы бес жылда жасалып, ел игілігіне берілетін жолдар жайында жиналған халыққа қысқаша ақпарат берді.

«Прогресс» политехникалық колледжінің директоры Жанна Телпекбаева партияның республикалық бағдарламасын жан-жақты таныстырып, оның ішінде білім саласына кеңінен тоқталды. «Білім саласындағы эксперименттерді тоқтатып, білімге деген құштарлықты арттырамыз, үшауысымдық мектептердің біртіндеп азайта отырып, балаларымыздың толыққанды жағдайда білім алуына бар жағдайды жасаймыз», – деді.

Әріптестерінің сөзін жалғай отырып, «Мұнда жиналған бәріміздің де мақсатымыз бір. Ол – жақсы, лайықты өмірге деген талпыныс. Біздің партиямыздың да мақсаты – әр азаматқа лайықты өмір. Ендеше, осы мақсаттың орындалу жолында бірлесе күш жұмсайық! Біздің партиямызға дауыс беріңіздер!» – деді.

Жиналысты қорытындылаған «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Қуат Байғоджаев: «10 қаңтар күні азаматтық жауапкершілік танытып, сайлауға қатысыңыздар! Өз таңдауларыңызды жасап, дауыс беріңіздер! Сіздердің де өз орталарыңызда партиямыздың үгіт-насихат жұмыстарын жасап, халықты, туытарыңыз бен жақындарыңызды сайлауға шақыратындарыңызға сенеміз», – деді.

Иә, жақсы өмірге деген талпыныс бәрімізді біріктіретіні рас. Ендеше, өзімізбен қатар қоғамның да жағдайы жақсара түсуі үшін азаматтық белсенділік танытып, партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуына себепші болайық. Сайлауға қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс берейік!

0
0
123

Осы тақырып бойынша

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар келді - Yvision.kz