Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алыстағы ағайыннан, жақындағы көршің артық

Келтемашат ауылдық округі Түлкібас ауданының батыс қақпасында орналасқан табиғаты тұнған керемет елді-мекендердің бірі. Ауылдық округте 6000-нан астам тұрғыны бар. Ауыл тұрғындарының басым бөлігі ата кәсіп - мал шаруашылығын кәсіп етсе, біршама бөлігі тың, туризм саласында еңбек етуде. Дәл осы ауылда елге белгілі Машат шатқалы орналасқан.

Осы ауылдың түлегі, аудандық мәслихат депутаты - Сапаров Әбдімүтәліп Мүслімұлы ауылдастардың өкпе-назын тыңдап, толғандырған мәселелерін талқылап, оларды оңтайлы шешу жолдарын қарастыруды әдетке айналдырған. Аудандық үгіт-насихат штабының мүшесі ретінде бүгін де, жақындағы ауылдастармен кездесіп, парияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып қайтты.

Ұлы даланың шекарасын айқындап, оның қазаққа тиесілі бөлігін деморкациялап, шекараны бекітіп, ел үшін ерен еңбек сіңірген партияның жетістіктерін айта келе ұйыған қаймақтай ұйымшыл қазақстандықтардың бірлігін мысал ете отырып, кандидат партияластарды Nur Otan партиясына деген сенімін сақтап, дауыс беруге шақырды.

0
0
134

Осы тақырып бойынша

Алыстағы ағайыннан, жақындағы көршің артық - Yvision.kz