"Әділеттік қоғамның әлеуметтік мәселелері"
22.12.20. "ZOOM" @желісі арқылы қалалық маслихатқа үміткерлер: Джаумбаев Қ.Е; Шунаева А.С. және мен Сарсембаева А.М. "Әділеттік қоғамның әлеуметтік мәселелері" - атты тақырыпта ерекше қажеттілігі бар адамдармен, сала бойынша мамандардың қатысуымен кездесу өткіздік. Облыстық білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының жалпы және мектепке дейінгі бөлімінің әдіскері Гульнар Джулмухановаға, Атырау облыстық балалар оңалту орталығы басшысы Бибигуль Жумалиева орталық мамандарына, Махамбет ауданы көмекші мектеп интернатынан Асыл Алиева, басқа да үкіметтік емес ұйымдар өкілдеріне "Nur Otan" партиясының 17 басымдығы, Ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған бағдарламамен таныстырылып, қолдау тапты. Ұсыныстар: Мамандандырылған балабақша; ПМПК орталығы; Инклюзивті білім беру топтарын көбейту; Түзету кабинеттерін ашу. #NurOtan


