Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ауылдың гүлденуі басты назарда

«Nur Otan» партиясының тізімімен аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Раимжан Ибдиминов жаңашар ауылының тұрғындарымен, округ аумағында орналасқан «Адал» акционерлік қоғамының қызметкерлерімен кездесіп, аудандық партия филиалының сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды және сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Алдымен «Адал» компаниясының ұжымымен жүздескен Раимжан Ибдиминов ауыл шаруашылығы саласында тынымсыз еңбек етіп жүргендерге ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ, партияның бұл бағытта атқарған жұмыстарына және алдағы жоспарларына тоқталды.

– Ауыл шаруашылығы саласы – ел экономикасының негізгі тірегі. Аграрлы ауданымыздың топырағы құнарлы, шөбі шүйгін. Сондықтан, бұл бағыттағы жетістіктеріміз де ауыз толтырып айтарлықтай. Жылдан-жылға ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі ұлғайып келеді. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, аудан шаруалары 120 млрд теңгенің өнімін өндірген. Біздің өңіріміз бұдан да жоғары жетістіктерге қол жеткізуге қауқарлы. Оны іске асыру үшін «Nur Otan» партиясы алдына үлкен мақсат қойды. Партия ауыл тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Коронавирустық пандемия жағдайында нарықты азық-түлік тауарларымен тұрақты толықтыру мәселелері ерекше маңызды және өзекті болды. Ауданның  ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтауға ғана емес, сондай-ақ жаңа экспорттық тауарларды іздеуге де күш-жігер біріктіріліп, келісілген іс-қимыл жасалатын болады. Бүгінгі таңда 89,4 пайыз немесе 269 мың адам ауылдық жерлерде тұрады. Өңірде мал шаруашылығында, өсімдік шаруашылығында және өнімді қайта өңдеуде жаңа прогрессивті технологияларды енгізу есебінен жоғары технологиялық агроөнеркәсіп кешенін құру жөніндегі жұмыс жалғастырылады. «Nur Otan» партиясы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту міндетін қойып отыр. Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында цифрландыру элементтері енгізіледі. Нақтырақ айтқанда, малды чиптеу, отын шығынын өлшеу датчиктерін енгізу, тұқымдар мен тыңайтқыштарды саралап енгізу мәселелері қарастырылады, – деген Раимжан Билимұлы Алматы қаласы айналасында азық-түлік белдеуін құру мақсатында жүзеге асатын ауқымды 13 жобаны атап өтті. Ол үшін, ауылдық округтерде тамшылатып суару әдісімен өсірілетін бау-бақшалардың аумағы кеңейтіліп, жеміс-жидек, көкөніс сақтау қоймалары ашылатын болады. Сонымен қатар, ірі мал бордақылау алаңдары салынады. Табиғи жайылымдық жерлер мен шабындықтарды ұтымды пайдалану есебінен жем-шөп базасы нығайтылады. «Алқаптан сөреге дейін» жобасын іске асыру жолымен өндірілген өнімді кепілді өткізу және агро өнеркәсіп субъектілерімен форвардтық келісімшарттар жасалады. Осы және басқа да шаралар 2025 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешенде 4,5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға, еңбек өнімділігін 1,5 есеге дейін арттыруға мүмкіндік береді.

0
0
141

Осы тақырып бойынша

Ауылдың гүлденуі басты назарда - Yvision.kz