"Амангелді" атындағы балық шаруашылық мекемесінде кездесу өтті.
Қайырлы күн құрметті жерлестер!!!
Бүгін, яғни 23 желтоқсан күні "Nur Otan" партиясының Республикалық сайлауалды штабы мүшелері: Қаршыға Джауымбаев, Айгуль Амиргалиева, Насип Шалабаева және Нұржан Ермұханов бірнеше шара өткіздік.
Оның алғашқысы "Амангелді" атындағы балық шаруашылық мекемесінде өтті.
Тарихы өткен ғасырдың 1934 жылы басталған "Амангелділiктер" халыққа химиясыз таза, сапалы, 80-нен астам балық өнімдерін ұсынып отырған үлкен ұжым болғандықтан 100-ден аса мамандармен жүздесiп, сайлауалды бағдарламызды жеткізiп, ұжымның мардымды ұсыныстын, ой-пiкiрлерiн қабыл алдық.
Фотода көріп тұрғанымыздай, таза, жарық балық өңдеу цехтарында жұмыс қайнап жатыр.
Амангелдіктер күніне 2,5 тонна дайын балық өнімін шығарады.
Жалпы мекеме бойынша бүгінгі таңда көптеген мәселелер шешілген.
Сондықтан Амангелдіктер негізінен Жайықтың тартылу, ММСтарды жаңғырту, теңізге шығатын қайыктардың қымбаттығы, балық шаруашылығына субсидиялық қолдау көрсету турасында мәселелерді көтерді.
Кездесу барысында партиямыздың "Бiз Бiргемiз" акциясы биылғы жылы карантин уақытында көптеген аз қамтылған отбасыларға нақты қолдау болғанын ризашылықпен айтып, сайлау күні белсенділік танытатындарын жеткізді.
#nur_otan_atyrauoblysy
#nurotangorod
#nur_otan
#baibekbk
#nurlybek_zhumakhmetuly_ozhayev
#nurotan
#nurotangadauysber
#голосуйзаnurotan
#нуржан_ермуханов





