«Біздің үміткер» айдарында – Ерсаев Мирболат Бижанұлы
«Біздің үміткер» айдарында – Ерсаев Мирболат Бижанұлы.
Ол 1988 жылы 19 сәуірде Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында дүниеге келген.
2010 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тарих мамандығы бойынша тәмамдады. Бұдан әрі 2010-2011 жылдары Жәнібек аудандық кітапханасында әдіскер болып жұмыс жасаса, 2011-2013 жылдары Жәнібек аудандық демалыс орталығы директорының міндетін атқарушы болды.
М.Ерсаев 2014 жылдан бері облыстық тарихи-өлкетану музейінде еңбек етеді. Қазіргі уақытта осы музейдің директоры болып қызмет атқаруда. Осы уақыт аралығында тарихи-өлкетану музейінде Мирболат Бижанұлының басшылығымен көптеген халықаралық, республикалық облыстық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференциялар, мәдени-көпшілік шаралар, экспедициялар, форумдар, семинарлар жүзеге асқанын атап өтуге болады.
Өз жұмысын құлшына ерекше күш-жігермен атқаратын М.Ерсаев әр жылдары түрлі сертификаттармен, алғыс хаттармен және «Мұстахым Біләлұлы Ықсанов» қоғамдық қорының медальімен, ҚР ІІМ-нің «Қазақстан полициясына – 25 жыл», Қазақстан салалық, мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» төсбелгілерімен марапатталды.
Отбасылы, жолдасымен бірге 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеуде.
В рубрике «Наш кандидат» - Ерсаев Мирболат Бижанович.
Мирболат Бижанович родился 19 апреля 1988 года в селе Жанибек Жанибекского района.
Окончив в 2010 году Западно-Казахстанский государственный университет им. М. Утемисова по специальности "Историк" он начал работать методистом Жанибекской районной библиотеки, затем исполняющий обязанности директора Жанибекской районной базы отдыха.
М. Ерсаев в настоящий момент является директором Западно-Казахстанского областного краеведческого музея. Следует отметить, что за время работы в музее под руководством Мирболата Бижановича проведено множество международных и республиканских научно-практических конференций, культурных мероприятий, экспедиций, форумов, семинаров.
За свою работу и упорный труд М. Ерсаев был награжден различными государственными наградами и медалями.
Женат, вместе с женой воспитывает двух дочерей и сына.
