Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Талдыапан ауылдық округінің сайлаушыларымен кездесу өтті

23 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық сайлауалды штабының өкілдері, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ерболат Бекмулдин мен Артур Берденов үгіт-насихат жұмыстары аясында Талдыапан ауылдық округінің сайлаушыларымен кездесті. Штаб өкілдері партияның сайлауалды бағдарламасы мен жобаларын баяндап, түсіндіріп берді. Сонымен қатар үміткерлер Талдыапан ауылдық округіне қатысты партия тарапынан атқарылатын жұмыстарды да тілге тиек етті. Кездесу барысында сайлаушылар білім және медицина саласы мен кәсіпкерлік салаларына қатысты бірқатар сұрақтар қойып ұсыныстарын білдірді. Кездесу санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді. «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы

0
0
211

Осы тақырып бойынша

Талдыапан ауылдық округінің сайлаушыларымен кездесу өтті - Yvision.kz